Студентке арналған таблеткалар. Менің қайта жүктелуім

424

Мені мектеп жасымнан мәселелік тері мәселесі қинайтын.

Мен бұл мәселені маска, жақпа май, халық емі көмегімен шешуге тырысып, өнбейтін емдеуге уақытымды кетірдім. Бәрін тональдық крем мен опамен жағып, терімді одан әрі нашарлата түстім. Ол тәсілдер маған оңай және ыңғайлы болып көрінді.

Мектепте бұл мәселе сондай жіті болған жоқ, өйткені менің ойымша бұл жасөспірімдік мәселе және одан уақыт өте арыламын. Сонымен бірге фаст фуд, газдалған су, чипсы, шоколад және басқа зиянды тағамнан бас тартқым келмеді. Бірақ университетте мәселенің жоғалатын түрі жоқ...

Айта кететін жайт, мен табиғи сұлулықты жақтаймын, сондықтан косметика барынша аз болғанын қалаймын. Өз қағидаттарымды ұстана, мен ағзаның іштей тазаруына ден қойып, мәселенің шешуін іздей бастадым - менің ойымша, бөртпелердің негізгі себебі - бұл дұрыс тамақтанбау. Сондықтан екі апта бұрын мен өз әдеттерімді қайта қарауды шештім: көбірек газдалмаған су ішуге тырысып, өз рационымнан зиянды тағамдарды алып тастадым және күніне үш рет "Лактофильтрумды" екі таблеткадан қабылдай бастадым. Ең соңғысы мен үшін күтпегенде ең қиыны болды... Мен қатаң кестелерді ұстануға үйренбегенмін - курстастарыммен үнемі кештер және түнгі отырыстар және жүгіріп бара жатып ас қабылдау. Лактофильтрумды дұрыс қабылдау үшін маған неғұрлым жүйелі тамақтануға көшуге және универге асыққанда мән бермейтін таңғы асты міндетті түрде енгізуге тура келді. Алайда, оның оң нәтижесі болды - менің асқазаным "үлкен рахметін" айтты))

Ал жақын арада мені ең басты жүлде күтіп тұрды - терім елеулі тазарып, ішімде жеңілдік пайда болды, ас қорытуым сөзсіз түзелді!

Енді, таңертең оянғанда, мен жеңілдік пен қамсыздықты сезінемін:

кезекті бөрткенді қалай бүркемелесем деп ойламаймын, мұқият, мол мэйкап пен "әрлеу" жасауға уақыт кетіріп, бірінші сабақтарға кешікпеймін - сондықтан да көңіл-күйім сергек және көтеріңкі! Нәтижесі көз алдымда!

КЕЙІН ҚАРАЙ