Антибиотикпен емдеу аясындағы дисбактериоз

Ішек дисбактериозы және антибиотиктердің ықпалы

Антибиотикпен емдеуден кейін туындайтын дисбактериоз күрделі проблема болып табылады. Инфекциялармен күресудте тиімді антибиотиктер, тек патогенді бактерияларға ғана емес, ішектегі пайдалы бактерияларға да әсер етіп, микробиомды бұзады.

Микробиом және оның рөлі

Ішек микробиомы – ас қорытуда, қоректік заттардың сіңірілуінде және иммунитетті сүйемелдеуде шешуші рөл атқаратын күрделі экожүйе. Микробиом теңгерімінің бұзылуы дисбактериозға және іш қатулар, диарея, іш кебуі, іштегі жайсыздық және иммунитеттің төмендеуі сияқты қатарлас симптомдарға алып келуі мүмкін.

Антибиотиктердің әсері және Лактофильтрумнің рөлі

Антибиотиктер патогенді және пайдалы бактерияларды жоя отырып, микроорганизмдердің өсуін тежейді. Антибиотиктерден кейін Лактофильтрумді пайдалану микробиом теңгерімін қалпына келтіруге, теріс салдарларының қаупін азайтуға және микрофлораның қалпына келуін жеделдетуге көмектеседі.

Антибиотикпен емдеу кезінде / емдеуден кейін Лактофильтрум препаратын қолдану тәсілі:

Егер антибиотикпен емдеу курсы кезінде/емдеу курсынан кейін ішек дисбактериозы диагнозы қойылса, Лактофильтрумді қолдану ұсынылады:

Ішке, қажет болған жағдайда алдын ала ұнтақтап алып, тамақ ішкенге және басқа дәрілік заттарды қабылдағанға дейін бір сағат бұрын сумен ішу керек:

  • ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – күніне 3 рет 2-3 таблеткадан;
  • 8 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1-2 таблеткадан;
  • 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1 таблеткадан;
  • 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1/2 таблеткадан.

Емдік әсерінің төмендеуі қаупінің алдын алу үшін, препараттарды бөлек-бөлек қаблдау ережесін сақтау керек (яғни, Лактофильтрумді басқа препараттарды қабылдағанға дейін бір сағат бұрын қабылдау керек).

Лактофильтрум: 2 әсер 1-еуіне біріктірілген бірегей препарат!

Лактофильтрум — құрамында табиғи энтеросорбент пен лактулоза бар кешенді препарат. Ішек микрофлорасының қалпына келуіне және дисбактериоздың басылуына ықпал етеді. Лактофильтрум — ішектің саулығына арналған!