ЛАКТОФИЛЬТРУМ®

КӨБІНЕСЕ ПРОБЛЕМАЛЫ ТЕРІНІ КОСМЕТИКАМЕН БҮРКЕМЕЛЕЙДІ, БІРАҚ БҰЛ ПРОБЛЕМАНЫҢ ШЕШІМІ ЕМЕС.

ДЕТОКС-БАҒДАРЛАМА АҒЗАНЫ ТАЗАРТУҒА ЖӘНЕ ТЕРІНІҢ САУ КЕЛБЕТІН ҚАЙТАРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ.

21 КҮНДІК БАҒДАРЛАМА

КҮНДЕРДІ ЕСЕПТЕҢІЗ ДЕ — НӘТИЖЕСІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

АСҚА 1-1,5 САҒАТ ДЕЙІН НЕ КЕЙІН КҮНІНЕ 3 МӘРТЕ 2-3 ТАБЛЕТКАДАН ІШІҢІЗ.

ДЕТОКС-БАҒДАРЛАМА

АҒЗАНЫ ТАЗАРТУДЫ БАСТАЙМЫЗ

Лактофильтрум® қалай әсер етеді:

Лигнин — сорбент, ол ағзадан уыттарды, аллергендерді, бактерияларды, ауыр металлдарды біріктіріп, шығарады.

Лактулоза — пайдалы бактериялардың өсуіне және дамуына жәрдемдесетін пребиотик.

Ішек микрофлорасының теңгерімін қалпына келтіре отырып, терінің қорғаныш функцияларын арттырады.

СУДЫ КӨБІРЕК
ІШЕМІЗ!

Детокс кезінде күнделікті 1,5-2 литр газдалмаған минералды суды ішу қажет.

Бұл уыттардың шығуына жәрдемдеседі.

ТЕРІГЕ ДҰРЫС КҮТІМ ЖАСАУДЫ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Макияжды алып тастамай ұйықтауға жатпаңыз.

Бетіңізді таңертең және кешке арнайы құралдармен тазартып, оны сумен мұқият жуып тастаңыз.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНАМЫЗ!

Рационнан консервіленген өнімдерді, ысталған, шала фабрикаттарды, жасанды хош иістендіргіштерді шығарып тастаңыз.

Үздік таңғы ас — құрғақ жемістер, езілген алма, шие, жаңғақтар, бал қосылған сұлы ұлпаларынан жасалған ботқа.

ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІН ТҮЗЕТЕМІЗ!

Күніне 4-5 мәрте, бірақ ұйықтарға дейін 3 сағат бұрын жеңіз.

Рационда ақуыздар (ет, сүт өнімдері), көмірсулар (ботқалар, жемістер, көкөністер) мен майлар (қызыл балық, зәйтүн майы, авокадо, жаңғақтар) болуы тиіс.

Салауатты жүрек жалғаулар жасаңыз: жаңғақтар, жас жемістер немесе құрғақ жемістер, көкөністер, шырындар.

ЖАҚСЫ НӘРСЕНІ ОЙЛАҢЫЗ!

Өзіңіздің эмоционалдық тонусыңызды қолдауға және ұсақ-түйекке бола көңіліңізді бұзбауға тырысыңыз. Позитивті ойлау «бақыт гормондары» - эндорфиндердің санын ұлғайтады және иммунитетті нығайтады.

Демалыңыз, таза ауада көбірек серуендеңіз, армандаңыз, ғашық болыңыз!

АЛҒАШ КӨРІНЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ!

Тері аса ашық әрі жарқын, сезімталдығы аз. Шабыттандырушы қуаттың құйылуы сезіледі.

Дәмді нәрсені, мәселен, көк смузилерді немесе жеміс салатын жеп көруге себеп бар.

ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ ЖӘНЕ ҰЙҚЫНЫ ҚАНДЫРАМЫЗ!

8 сағаттық ұйқы — сау теріге қажетті ең аз уақыт.

Ұйқы кезінде тіндердегі қалпына келтіру процестері жүреді, бұл біздің сырт келбетімізден тікелей көрініс табады.

ТЕРІДЕГІ ҰСАҚ ТЕСІКТЕРДІ «АШАМЫЗ»!

Тері «дем алуы» үшін жұмсақ қырғыштың, энзимді пилингтің және сарысулардың көмегімен өлген жасушаларды алып тастаңыз.

ОЙЫМЫЗДЫ ТАЗАРТАМЫЗ!

Терінің құрғақтығы дұрыс күтінбеуге, ас қорыту проблемаларына, күйзелістерге де байланысты.

Дем алуға, босаңсуға, медитацияға арнайы уақыт бөліңіз. Жағымды әуен тыңдаңыз, әдеміні тамашалаңыз.

ЕМІН-ЕРКІН СЕЗІНІҢІЗ!

Терінің екінші тыныс алу мүшесі екенін есте сақтаңыз. Ауа ванналарын алып, ұйықтар алдында қыдырыңыз, көшеде, балконда немесе терезесі ашық бөлмелерде бой жазу жаттығуларын жасаңыз.

Бір тәулік ішінде тері 700-800 грамм су буларын шығарады, бұл өкпеге қарағанда 2 есе көп!

БӘРІ ЖОСПАРДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ ӘРІ МҰНЫ АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫЛАР БАЙҚАП ЖҮР

Детокс-бағдарламамыз мәреге қарай бет алды!

Киноға, концертке баруға, дүкен аралауға, достармен кездесуге, армандағаныңыздың бәрін орындауға үздік себеп.

АЛМАЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Таңертеңнен бір көк алманы жеуді өзіңіздің қатаң қағидаңызға айналдырыңыз.

Лактофильтрум® құрамындағы лактулоза микрофлораны қалпына келтіріп, темірдің, кальцийдің, магнийдің сіңірілуін арттырады.

АҒЗАДАҒЫ УЫТТАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Әсерін күшейту үшін аптасына бір мәрте саунаға барыңыз. Ағзадан термен бірге уытты заттар шығады.

Саунаға арналған үздік сусын — жалбыз жапырақшалары, жөке гүлдері, жаужапырақ, түймедақ, қара қарақат, орман бүлдіргені жапырақтары қосылған хош иісті шай.

НӘТИЖЕСІ ТЕК КӨЗГЕ ҒАНА ЕМЕС, БҮКІЛ ДЕНЕҢІЗДЕН БАЙҚАЛАДЫ

Денеңіздің терісін скрабтар мен орамалаудың көмегімен тазартыңыз.

Скрабты қан айналымын күшейтіп, айырбас процестерін белсендіре отырып уқалаудың көмегімен жағыңыз. Оны үйде жасауға және spa-салонның көмегін пайдалануға болады.

ҮЗБЕЙМІЗ, ӘСЕРІН БЕКІТЕ ТҮСЕМІЗ!

Су — бұл тіршілік, ал spa-күтім — судың көмегімен емделу.

Ванна қабылдай отырып, теңіз тұзын, грейпфруттың, шай ағашының эфир майын, түймедақтың қайнатпасын қосыңыз, детокс-ваннаның әсерін алыңыз.

СОНДАЙ ЖАҚСЫ, ЕНДІ АЗДАП АҚЫЛГӨЙСУГЕ ДЕ БОЛАДЫ

Адамның денсаулығы иммунитетіне байланысты.

Иммунитет — ішек микрофлорасына байланысты. Ішек пен тері микрофлорасының теңгерімін қалпына келтіруге Лактофильтрум® жәрдемдеседі.

Оның әсері туралы достарыңызға айтып, бірегей тәжірибеңізбен және білімдеріңізбен бөлісіңіз.

БИЛЕГІҢІЗ КЕЛЕДІ!

Қозғалыстың өз денсаулығыңызға апарар жол екенін есте сақтаңыз.

Би — әйелдерге арналған фитнестің өте әдемі әрі пайдалы түрі, ол денені сәнді әрі ықшам етеді.

ТЕҢДЕССІЗ ТАЗАЛЫҚТЫ СЕЗІНЕСІЗ

Осы күйді одан әрі де жалғастырыңыз. Тек қана консерванттарсыз табиғи өнімдерді ғана таңдаңыз.

Орамадағы құрамын мұқият оқыңыз.

ӨЗ АҒЗАҢЫЗ ӨЗІҢІЗГЕ РИЗА

Бағдарламаның әсерін ұзарту үшін дене жүктемелерін, теңгерімді тамақтануды, тері күтімін, демалуды және жағымды ойлауды естен шығармаңыз!

БҰДАН ЖАҚСЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС!

Жылына екі мәрте жүйелі детокс ішектің саулығын, терінің әсемдігін сақтауға және бүкіл ағзаның жастығын ұзартуға көмектеседі.

Тесттен өтіңіз — өз теріңіз туралы біліңіз.

ТЕСТТЕН ӨТІҢІЗ

01 күні

02 күні

03 күні

04 күні

05 күні

06 күні

07 күні

08 күні

09 күні

10 күні

11 күні

12 күні

13 күні

14 күні

15 күні

16 күні

17 күні

18 күні

19 күні

20 күні

21 күні

СКРОЛЬ