Атопиялық дерматит

Экзема-терінің созылмалы қайталанатын ауруы, ол әртүрлі бөртпемен, қышумен, дызылдау сезімімен сипатталады және терінің имундық қызметінің төмендеуімен сүйемелденеді. Бұл ауру тұқым қуалайтын бейімділік пен полиэтиологиялық сипатқа ие. Балалардағы экзема ересектермен салыстырғанда кең таралған (балалар арасында таралуы 5-20%, ал ересектер арасында аллергиялық (атопиялық) экзема – 2-10%). Кейде экземаны ауру ретінде емес, симптом ретінде қарастырады, ол атопиялық дерматиттің синонимі болып табылады. 

Экзема пайда болуының әртүрлі факторлары бар, олардың арасында сыртқы және ішкі бөлінеді. Сыртқы факторларға химиялық, механикалық және термиялық зақымдануларды жатқызуға болады. Ішкі факторларға асқазан-ішек жолдарының патологиялары, бауыр, бүйрек, эндокриндік немесе жүйке жүйесі аурулары жатады.

Атопиялық дерматит (АД) — бұл созылмалы аралықта тұқым қуалаушылыққа бейімделген, бөртпе шығумен және терінің қышынуымен айқындалатын, терінің иммундық (қорғаныш) қызметінің төмендеуімен сипатталатын ауру түрі. Атопия, әртүрлі мәліметтер бойынша тұрғындардың 3-15% тіркелген. АтД таралуы балалар арасында 5-20%, үлкендер арасында — 2-10%, АтД ауруының ең үлкен көрсеткіштері урбанизацияланған (үлкен және өнеркәсіп қалаларында) өңірлерде анықталуда. Асқазан-ішек жолдары органдарының патологиясы, әсіресе атопиялық дерматитке шалдыққан 80-90% балаларда ішек дисбиозы анықталуда. Мамандар терідегі дисбиоздың айқындалу мен АтД клиникалық ауыртпалықтарының көріну дәрежелері арасында өзара байланыс бар екендігін анықтады.

Орналасуы мен пайда болу факторларына байланысты атопиялық дерматит аурудың бірнеше түріне бөлінеді. Олардың арасында микробтық экзема, шынайы экзема, бет экземасы, себорейлық және құрғақ экзема сияқты түрлерді атап өту керек.

Терінің қышуы, құрғақтық және бөртпе. Бұл нені көрсетеді? 

Құрғақтық, терінің қышуы және ондағы бөртпелер экзема негізгі белгілері болып табылады. Симптомдардың көріну дәрежесін анықтауға көмектесетін түрлі тесттер бар. 

Негізгі белгілері: қышу және терінің құрғауы, бөртуі. Бұл айқандалған белгілердің дәрежесін анықтау үшін — тесттен өту керек: бөртпе шығуы — қышыну - SCORAD шәкілі, жалпы жағдайы — өмір сүрі сапасының дерматологиялық индексі.

Егер сізде немесе жақындарыңызда экзема сияқты ауру пайда болса оның емін сіз ұмыта алмайсыз. Бірақ атопиялық дерматитті жүйелі емдеу бағдарламалары жағымсыз аурудан тиімді құтылуға көмектеседі. Дәрігер атопиялық дерматит диагностикалаған кезде, емдеу жергілікті глюкокортикоидтарды, антигистаминді дәрілерді қолдануды қарастырады. Жіті жағдайларда бактерияға қарсы терапия қолданылады.

Аурудың алдын алу және асқынуларды болдырмау үшін кешенді алдын алу жүргізіледі. Негізінен бұл терінің құрғақтығы, оның ішінде бет терісінің құрғақтығымен күресуге тура келеді. Терінің қорғаныс қасиеттерін арттыру-табысты терапияның кепілі және емдеуші дерматолог назар аударатын алғашқы нәрсе. Тері күтімі үшін құрғақ экзема пайда болған жағдайда ғана емес, емдік косметиканың арнайы құралдары әзірленді. Бұл құрамында емдеуші компоненттерді қамтитын сылаулар, майлар, кремдер мен пасталар. Сонымен қатар аурудың алдын алу кезінде рационнан аллергиялық өнімдерді алып тастағанда "элиминациялық диета" тағайындалады.

Тері инфекцияларының алдын алу үшін терінің құрғақтығымен күресу, иммунитетті нығайту, ішек микрофлорасы мен тері аутомикрофлорасын қалпына келтіру арқылы терінің және бүкіл ағзаның қорғаныс қасиеттерін арттыру өте маңызды. Сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының бұзылуларын емдеу жүргізіледі. Бұл сәтті терапияның кепілі және аурудың себебін анықтау үшін дерматолог назар аударатын бірінші болып саналады.

Емдеу міндетті түрде детоксикация (энтеросорбция) әдістерін және ішектің пайдалы микрофлорасының дамуын қалпына келтіретін және ынталандыратын препараттарды пайдалануды қамтиды.

Ағзаға аллергендердің енуінің негізгі орындарының бірі-ішектің шырышты қабығы болып табылады. Сондықтан дисбактериоз кезінде ас қорытудың және ішектің шырышты қабатының қорғанысының бұзылуы ағзаға аллергендердің артық енуіне және ұзақ және тұрақты сенсибилизацияның қалыптасуына ықпал етеді. Атопиялық дерматитті кешенді емдеу міндетті түрде ішектің дисбактериозын түзетуді қамтуы тиіс, бұл ағзаны аллергеннің енуінен және ауру жағдайының нашарлауынан қорғауға көмектеседі.

Экземаны емдеу бастапқы сатысында детоксикация (энтеросорбция) әдістерін және ішектің пайдалы микрофлорасының дамуын қалпына келтіретін және ынталандыратын препараттарды пайдалануды қамтиды.

Энтеросорбция — ағзадан әртүрлі аллергендерді, уыттарды және патогенді бактериялар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерін шығаруға бағытталған уытсызданудың тиімді әдісі.

Экзема пайда болды, қалай емдеу керек, қандай сорбент таңдау керек? Оларға қандай талаптар қойылады? Сорбент ең алдымен тиімді және қауіпсіз болуы керек. Бүгінде ең тиімді және қауіпсіз сорбенттердің бірі лигнин болып табылады. Бұл өнімдік талшықтар негізінде ағаш сүректі өңдеу өнімі. Лигнин - әмбебап сорбент болып табылады, өйткені төмен молекулалық және жоғары молекулалық қосылыстарды шығарады. Уланудың себептеріне қарамастан, түрлі интоксикация, улануларда тиімді әрекет етеді.

Экземаны немен емдеуге болады деген мәселені қарастыра отырып, Лактофильтрум препаратына тоқтауға болады. Оның құрамында жоғарыда аталған лигнин қамтылған.

Лактофильтрумның құрамындағы Лигнин:

  • Әлемдік стандарттың сапасына сәйкес ағаштың қылқанжапырақты тұқымынан дайындалады.

  • Белсендірілген көмірден тиімділігі 2500 есе*.

  • АІЖ сілемейлі қабығына зақым келтірмейді

  • Ұзақ емдеу курсына ұсыныс жасалуы мүмкін

Ғылыми зерттеулер Лигнинде иммунотропиялық, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әсерлердің болуын көрсетеді.

Лигнин ағзаны уыттардан және аллергендерден тазалағаннан кейін пробиотиктердің көмегімен микрофлораның теңгерімін қалпына келтіру қажет.  Пробиотиктер адам ағзасы өзінің нормофлорасын жасап, өз пайдалы бактерияларын дамытуы үшін қоректік ортаны құру үшін қызмет етеді.

Ең танымал және мойындалған пребиотик жартылай синтетикалық дисахарид лактулозасы болып табылады. Лактулоза 50 жылдан бері бифидо- және лактобактерияның өсуіне себепші болу үшін медицинада қолданады.

Лактофильтрумның бірегейлігі мен тиімділігі оның компоненттерінің синергизмімен түсіндіріледі. Оның құрамындағы лигниннен басқа пребиотик бар. Яғни, бұл препарат екі есе әсер етеді. Лактофильтрум кез келген жастағы (1 жасқа дейінгі балалардан басқа) пациенттердің тері жамылғысының аллергопатологиясын емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Лактофильтрум экзема кезінде уыттардың сіңіруін, ішек микрофлорасының теңгерімін қалпына келтіруді, жұқпалы асқынулардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Лактофильтрум®

Аллергодерматоз (атопикалық дерматит, есекжем) болған жағдайда кешенді емдеу қолданылады:

Таблеткалардың мөлшерлемесі:

  • 1 – 3 жасқа дейін, жарты таблеткадан күніне 3 рет;

  • 3 – 7 жасқа дейін, 1 таблеткадан күніне 3 рет;

  • 7 – 12 жасқа дейін, 1-2 таблеткадан күніне 3 рет;

  • 12 жастан жоғары, 2 таблеткадан күніне 3 рет.

Саше-қалташықтардың мөлшерлемесі:

  • 1 – 3 жасқа дейін, күніне 3 рет қалташықтың 1/2;
  • 3 – 7 жасқа дейін, күніне 2 рет 1 саше-қалташықтан;

  • 7 – 11 жасқа дейін, күніне 3 рет 1 саше-қалташықтан;

  • 11 жастан асқан, күніне 3 рет 1 саше-қалташықтан.

Саше-қалташықтың ішіндегісін 50-100 мл жылы сумен араластырып, гомогендік суспензия болғанға дейін ерітеді. Лактофильтрум®  тамаққа дейін 1 сағат және тамақтан кейін 1,5 сағат өткеннен кейін қабылдау ұсынылған. Емдеу курсының ұзақтығы хал-жағдайының ауырлығына қарай 10-нан 14 күнге дейін жалғасады. (Пайдалану нұсқаулығын қараңыз).

Лактофильтрум® атопиялық дерматитіне себеп болады:

  •  уыттар мен аллергендердің сорбциялары;

  • ішек микрофлорасы теңгерімін қалпына келтіру жолдарымен иммунитетті нығайту;

  • терінің аутомикрофлорасын жүйелеу арқылы жұқпалы асқынулардың алдын алу.

Әр түрлі бөртпелер, дызылдау және терінің құрғауы тез дәрігерге қаралу себептері. Диетологқа дер кезінде жүгіну аурудың асқынуын болдырмауға және емдеу тиімділігін арттыруға көмектеседі.