Бірінші апта

323

Бәріңе сәлем! Бұл мен «Денсаулығыңды 21 күн ішінде жөнде» айдарыммен бұрыштан сығалап тұрған. Бізде «Лактофильтрум» таблеткаларымен бірге сіздер үшін: жаман және жақсы жаңалығым бар және мен қайсысынан бастауымды білмей тұрмын. Соңынан жақсы жаңалықпен әсерді теңестіру үшін әдетте мен жаман жаңалықтан бастаймын. Бірақ бұл жерде олай шықпайды деп ойлаймын. Егер мен бірінші жаман жаңалықты айтсам, сіз "Ой, маған бұл детокс қажет емес, маған фри картопта жарайды" деп ойлап, ниетіңізден айнып қалуыңыз ықтимал. Сондықтан, сіздер жан-жаққа тарап кетпегенше, мен бірден айтайын - бір апта ішінде мен тура 1 кг салмақтан арылдым, ал бұл кезде мен күніне 4 рет... піл сияқты тамақтанған болатынмын! Ал енді жаман жаңалық.

Жаман жаңалық, менің бетімнің кейбір бөліктеріне "тамаша әрі ғажап" бөртпе шықты, бұл мені тіпті қуантпағанмен, алайда «Лактофильтрум» шын мәнінде әсер етуінің көрсеткіші болып табылады. Мен өзім баяғыда бір затты түсіндім - егер ағзаны тазарта бастағанда саған қаптаған бөртпе шығатын болса, онда, ағзада жиналып қалған барлық керексіз нәрселер мен уыттар барлық жолдармен сыртқа шығуы әбден мүмкін, ал тері бұған бірінші кезекте жауап береді. Кем дегенде, бұл заңдылық маған келгенде 100 пайыз жұмыс істейді. Сондықтан бұл бір жағынан жаман жаңалық болса да, әрине ешкімге отыз жастағы әйелдің бетіндегі жасөспірім безеулері ұнамайды, бірақ екінші жағынан бұл да жақсы жаңалық, өйткені құралдың тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Екі ұшты және көпмағыналы емес жаңалықтардан айқын және тамаша нәтижелерге көшейік. Сонымен, мен жолда бір жерде жоғалтқан сол 1000 грамм салмақ. Бұның негізгі құпиясы, «Лактофильтрумды» күніне 3 рет ас қабылдауға немесе қабылдаудан дейін 1-1,5 сағат бұрын ішу қажет. Яғни, сіз үнемі тамақ ішіп, сағатқа қарап жүруіңіз қажет. Мен телефонға «тамақ ішу» және «сусын ішу» тәрізді ескертулерді әр 1,5 сағат сайын қойдым, сол себептімен тұрақты не бір нәрсе шайнаумен болдым, не блистерді сықырлатып ашумен айналыстым. Бір сәтте мен үнемі әрі бірталай тамақ ішетінімді аңғардым, және де ойым әр кез тамақ жайлы болатынын түсіндім. Бір күні таңертең мен өз-өзімді күштеп, кереуеттің астындағы таразыны алып, көзімді қатты жұмып, таразыға тұрдым. Одан кейін тағы да тұрдым, тағы да. Сосын дұрыстығын тексеріп, маған бір апта ішінде 6 килограмм жинағандай көрінсе де, бір килограмм жоғалтқаныма сендім. Бұл артық сұйықтық болуын білсем де, бірақ әсіресе үнемі тамақ ішкім келетінін және одан бас тартпауымды ескеретін болсақ, қандай жағымды сезіледі.

Жалпы, шайқас әлі де тең емес, өйткені жоғалтқан килограмм жақсы болса да, беттегі қызарулар көзге жақсы көрінеді. Әрі қарай қалай боларын, көрелік. Ал егер мен тағы бір-екі килограмм жоғалтсам, онда тональдық кремді қалыңырақ жағып, тері біз негізінде сұлулыққа бет бұрғаңымызды түсінгенше, күте тұруға болады!

КЕЙІН ҚАРАЙ