Пробиотиктерді жиі «жақсы бактериялар» деп атайды, олар ас қорыту жолындағы пайдалы бактериялардың сау теңгерімін сақтауға көмектеседі. Мен өзімнің салауатты тамақтану жөніндегі семинарларымда бұл терминдерді жиі қолданамын, және әр кез олар туралы бірінші рет айтқандай айту қажет болады. Ең тиімді және бәрінен үлгілісі - өз тәжірибең.
Екі аптаның ішінде мен күніне үш рет "Лактофильтрумды" екі таблеткадан қабылдадым: таңертең ашқарын, түсте және ұйықтар алдында. Бұндай курс жеткілікті жеңіл өтті. Менің рационым айтарлықтай салауатты және ас қорыту мәселелері көптен бері байқалмағаннан кейін, одан гөрі тиімдірек тазарту үшін маған рационды аса өзгерту қажет болған жоқ. Терінің күйінің жақсарғанын шүбәсіз айта аламын. Тері көп емес ұсақ бөрткендерден тазарды, бірақ ең құндысы терінің өңі тегістеліп, мен ылғалдандырушы майлар мен термалды суды қолдануды дерлік тоқтаттым. Сонымен бірге "Лактофильтрумның" шараппен (басқа алкогольді мен ішпеймін, ал шарапты жақсы көремін) әрекеттесуін атап өту керек - кешкі аста бір-екі бокал ішілсе де, таңертең мен алкоголь қабылдағанның ешқандай әсерін сезбей, спортпен ерте айналысуға күшім толық болды.
Аяқталған курс пен көз алдымыздағы детокспен, пробиотиктердің әсеріне көңіл бөлгім келеді. Біріншіден, алдымызда мерекелер, ал бұл дегеніміз көбірек дәмді және тәттілер. Ал тәттінің өз күтпеген жағдайлары бар. Олар бізге тек уақытты дәмді өткізу мен көңіл көтеруді ғана емес, сонымен бірге, өкінішке орай, дрожжилердің бір түрі - Candida Albicans-тың тоқ ішекте (кешіріңіз, енді солай) өсуіне әкеледі. Одан әрі, бұл бактериялар бүкіл ағзада тарау қабілетіне ие, ал жиналып қалғанда түрлі ауруларды тудырады, оларды дәрігерлер өз араларында "қант нашақорлығы" деп атайды. Жай көмірсулар, қанттар, жемістер, кофеин, сода және тағы басқасы - пробиотиктердің шынында бұл заттектердің біріккен негативтік әсерлерін төмендетуге күші бар. Таңертең ашқарынға қабылдап, дисбактериозды түзеу. Бұл бір-екі күннің ісі емес, бірақ жүйелі болсаң, нәтижесі болады.
Салауатты тамақтануға көшудің (немесе өзінің қолданыстағы рационын жақсыға қарай өзгерту ниетінің) ең көп таралған себептері - ас қорыту мәселелері немесе аурулары, немесе терінің нашар күйі. Қуырылған картоптан бас тартуға немесе жаңадан сығылған шырындарға көшуге тырысу, тәжірибе көрсеткендей мәселені тек жартылай шешеді немесе ұзаққа созылмайды. Ағзаны пайдалымен қоректендіру үшін жақсы негіз болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, бірінші тағамдық әдеттердің жылдар бойы жиналған салдарын тазартып, біріктіріп, шығару қажет, ал осыдан кейін жаңаларын қалыптастыру керек. АІЖ-дегі жиі жағымсыз сезінулерден арылу үшін, мен жасұнықты күніне 30-35 г дейін арттыруды ұсынамын. Бұндай қадам санаулы күн ішінде зат алмасудың табиғи барысына кедергі жасамай, ішек перистальтикасын жақсартады. Талшықтардың екі негізгі түрлері болады: ерігіш (пектин, шырыш) және ерімейтін (целлюлоза, гемицеллюлоза). Ерігіштер "қоректендіреді", майлайды және ас жолының өтімділігін жақсартады, ерімейтіндер сыпырғыш тәрізді ішек қабырғаларынан тамақ қалдықтарын, қождар мен жиналған уыттарды, ауыр металдардың тұздарын тазалайды. Ас қорыту біршама түзетілгенде келесі қадамға көшуге болады.
Сіздің немен тамақтанатыныңыз теріңіздің күйі мен түріне қандай креммен күтім жасауыңыздан гөрі көбірек әсер етеді. Жасушалардың сыртқы қоректенуі мен тіндердің іштей нәр алуы - параллельді үдерістер, бірақ бірін бірі алмастырмайды. Бұндай мәселеге мен де жолықтым. Маусымдық пробиотиктер қабылдау туралы мен бірінші рет бірнеше жыл бұрын американдық детокс бағдарламаларды зерттеу кезінде кездестірдім. Бірнеше жыл ішінде препараттар неғұрлым заманауи және кешенді бола түсті, ал мен сынаған "Лактофильтрум" тек пребиотик емес, сондай-ақ сорбент, ағзаны уыттардан, дәрілік препараттардан және метаболизмнің зиянды өнімдерінен уытсыздандырушы. Қазір мен оны денсаулық пен хал-күйді жақсарту үшін жылына кемінде екі рет - маусымдардың ауысу кезінде қабылдауға кеңес беруді жалғастырамын. Ал бұлар не істейді?
- Пробиотиктер иммунды жүйенің 3/4 құрайды. Біз не ішсек, сол бізді қоректендіретінің, тіндеріміз бен жасушаларымызды сау немесе онша емес құратының бәрі біледі.
- Сорбентпен үйлесімде лактобактериялар терінің күйін тез ретке келтіреді. Бактериялар теңгерімі түзетіледі, зат алмасу реттеледі және тері ішінен "жарқырай бастайды".
- Ас қорыту жақсарады. Асқазан мен ішектегі барлық жағымсыз сезінулер жоғалады. Пробиотиктер ақуыздар-энзимдер мен липаза - майлардың энзимдерін өндіруді сүйемелдейді.
- Дәрумендердің өндірілуіне себепші болады. АІЖ-де лактобактериялар В тобының дәрумендерінің және К дәруменінің өндірілуіне себепші болып әрі олардың сіңуіне ықпал етеді.
- Иммунитетті күшейтеді. Лактобактериялар иммундық жүйеге оң әсерін тигізеді: ағзадағы қабыну процестерін басатын иммуноглобулиндердің (қарсы денелердің) және химиялық заттектердің өндірілуіне ықпал етеді. Инфекцияларға және асқазан-ішек жолының қабыну ауруларына төзімділікті арттырады.