Жылына кемінде екі рет, маусымдардың ауысу кезеңінде - күзде және көктемде, тазарту жасау пайдалы. Жеңіл, жазғы режимнен ауыр қысқыға және керісінше, қалыптасу күтіп тұрған ағзаны дұрыс дайындау, оған біртіндеп қажетті - сау - қалыпты қызмет ету режиміне енуге көмектеседі. Мен мұндай емшараны жылына бірнеше рет өткіземін, өйткені тағамның бәрі пайдалы емес екенін түсінемін. Ал ең зияндысы - қайта өнделген тағам, консервілер, кофеин, алкоголь - олар ағзада жиналып, жылдар өте аурулар түрінде көрінеді. Біз өзімізді шынымен сау және сұлу етіп, тек денеміздің күштілігін сезгенде ғана санаймыз. Ұзағырақ және көбірек қозғалуға ынтамыз бен мүмкіндігіміз болғанда.
Бұл сезім тікелей оған қалай күтім көрсетуіңізге байланысты: немен қоректендіріп, қалай қамын ойлауыңызға. Үйде тазарту мен сауықтыру сәтті болу үшін, жаңа әдеттерді біртіндеп енгізген жөн. Экспресс-детокс уақытында бізге шырынсыққыш пен блендер, құрамында гормондары жоқ, дрожжи бактерияларының өсуіне ықпал етпейтін, уыттарды шығаруға көмектесетін сіңуі жеңіл өнімдер - табиғи энтеросорбенттер, сондай-ақ пребиотиктер қажет болады. Соңғылары тазарту үдерістеріне жылдамдық қосып, дұрыс бағытқа бұрады.
Біздің мақсатымыз:
- Ас қорытуды жақсарту және ағзаға жаңа тамақтану режиміне бейімделу және қалыптасуда денсаулыққа зиянсыз көмек беру
- Ішектегі пайдалы бактерияларды қалпына келтіру, бідің жасушаларымызда жиналып қалған уыттардан арылу
- Сау, жарқыраған тері, ал егер тазарту әдетке айналса, артық килограммдардан арылу
- Иммунитетті күшейту
- Детокс-бағдарламаны отбасы мен жұмыспен үйлестіру
Сонымен, біз бастаймыз. Бірінші пайдалы әдеттер:
- күнімізді бір стакан суық немесе жылы судан бастаймыз. Лимон шырының қоссақ, одан да жақсы болады.
- мүмкіндігімізше түстен кейін алкоголь, кофе, қызыл ет пен қантты тұтынуды тоқтатамыз немесе мейлінше қысқартамыз. Ең артығы - күніне 1 бокал шарап, ет жартылай дайын өнімдерінің орнына балық және құс еті, ал тәттілендіру үшін бал, стевия немесе табиғи шәрбаттарды қолданамыз.
- күніне үш рет Лактофильтрумның 2 таблеткасын қабылдаймыз: таңертең АІЖ тазарту үшін, күндіз - сау микрофлораны қолдау үшін, кешке - ағзадан ауыр металдардың тұздарын, аллергендерді, алкоголь, холестерин, түрлі органикалық емес және органикалық қосылыстарды, эндотоксиндерді, экзотоксиндер мен патогендік микрофлораны біріктіріп, шығаруға көмектесу үшін.
- рационымызға көбірек жаңа піскен жеміс, көкөніс пен жаңғақ қосамыз.