Детокс- тәжірибе: 21 күн жағымды өзгерістер

279

Жолдастар, бәріңе сәлем! Сіздермен 21 күнге созылған бьюти-денсаулық- тәжірибесінің мәрелік нәтижелерімен бөлісуге асығамын. Соңғы айларда мен қаншама таблетка ішкен болатынмын, сондықтан  Лактофильтрумды қабылдау кестесіне тез қалыптастым, қиындық туғызғаны тек препарат пен ас қабылдау арасында 1,5 сағат үзіліс жасауда болды, күн ұзағырақ болу үшін ертерек тұруға тура келді. Бірақ бұл ойлағандай ешқандай ауыр болған жоқ.

Тәжірибе басталғанға дейін мен өзімді жалқау бауырсақ сезініп, таңертең ерте тұра алмай, талтүске дейін зомби сияқты жүретініме шағымданған едім. Иә, ғаламат бірден орын алған жоқ, алайда екі аптадан кейін мен сағат қоңырау шалған сәттен оянып, бұрынғыдай бәрін қыру емес, жеңілдік сезіммен тұратын болдым. Әрине, мен түнгі сағат екіде жатуды жалғастырдым, өйткені маған көпшілік шығармашылық адамдарына тәрізді муза түн ішнде келеді, сондықтан ай жарығымен жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ таңертең мен жаңа күнге қуанып, қуаттың құйылуына таң қаламын!

Бұрын айтылған жоғалтылған килограмм сол беті табылмады, демек біз онымен біржола қоштасқан сияқтымыз. Сонымен бірге, мен өзімнің "жазғы" салмағым мен өлшеміме келдім. Білесіздер, барлық қыздарда "сол бір джинсы" болады, ал менде "сол бір көйлек" бар, мен оған ылғи да әзер және алдын-ала дайындықпен сыямын. Қарашадан сәуірге дейін кезеңде мен оны киюді армандамаймын да, бірақ бүгін, желтоқсанның аяғында ол маған құйып қойғандай жарасып тұр, ал бұл мен үшін өте маңызды көрсеткіш.

Және өте ұнамды әрі көзге көрінер ең айқын көрсеткіш - ол бірнеше есе жақсартылған терінің күйі. Бірақ жақсару алдында мен күйреуге ұшырадым: препаратты қабылдаудан кейін шамамен бір аптадан соң менің бетімде қатты бөрту пайда болды, ағзаны тазарту кезінде олардың болуы маған жаңалық болмаған соң мен түсіністікпен қарадым. Қазір халім жақсарды, сыртқы келбетім де жақсырақ, таңертең бетім шырайлы, жер астында тұратын адам сияқты көрінбеймін. Бөртпелер түгелге жуық кетуге айналды, жаңасы шыққан жоқ, сондықтан жаңа жылдық кешке қарай сұлудың дәл өзі боламын. Әрі сымбатты J

Сонымен Лактофильтрум  детокс-бағдарламасы маған тиімді әсер етті, оған қатар мен еш нәрседен бас тартпадым, чизбургерлерді жеп, кей кештерде шарап та іштім, сондықтан егер өзімді толық қолға алғанда қандай ғажап нәтижелерге жетерімді білмеймін. Бұл енді менің екінші тәжірибем болар деп ойлаймын.

КЕЙІН ҚАРАЙ