Суық түсуімен мен ұйқыға көшіп, бауырсаққа айналамын. Иә, бұл рас. Менің физикалық денем, әрине, белсенді қозғалыста болады, бірақ менің басымда «Z» созылыңқы әрпімен бір ғана coub ойнайды, ал егерде тыңдасақ, менің санам қалай пысылдайтынын естуге болады. Және де ол тура көктемге дейін пысылдайды, ал осыдан кейін - гүрс етіп - күн шығады, қар ериді, ал менің ішімде қайтадан сергек еліктер шапқылай бастайды. Дәрумендер қабылдау мені ешқандай қуантпайды, өйткені мен ішіп көргендердің ешқайсысы аса нәтиже берген емес, тек таңертеңгі йогамен айналысу ғана көмектеседі. Бірақ ол үшін де ертерек тұру қажет, ал мен үшін бұл соңғы уақытта үлкен қиындыққа айналды. Мен өзімді көрпенің астынан сүйреп алып шығуға қиналамын. Менің ойлауымша бұл жай ғана уытты еріну, мен оны Лактофильтрум ЭКО-ның көмегімен жеңуді шештім. Мен әрқашанда барлық нұсқаулықтар мен аннотацияларды оқитын ынжық сияқты алдын-ала сайттағы сынақтан өттім, және маған шамамен төмендегі тәрізді бір нәрсені айтты: «Макдональдстан қос чизбургерлерді жеуді, Олд Фешндті ішуді доғар, Лактофильтрум ЭКО „21 күн“ ағзаны тазарту бағдарламасын өт және бақытты бол!».
Макдодан тамақ ішуді мен, әрине, қоймаймын, бірақ қос чизбургерді классикалыққа, тіпті мүмкін салатқа ауыстыруға сөз беремін. Жарайды, ауыстырмаймын, мен кімді алдаймын. Өзімнің таңертеңгі (ол іс жүзінде талтүскі) йогамды жалғастырамын және бәріне жалқаулықты қалай тиімді жоюға болатынын әңгімелеумен боламын. Мүмкін 200 граммға арықтай да түсемін, бұл әсіресе қыста тиімді, өйткені пуховик бір-екі тонна қосады ғой.
Басқа бонустар ішінен мен позитивтік сыртқы динамика алуға үміттенемін, өйткені препаратты қолданған қыздар терілері жақсарып, шаштары қосарланған екпінмен өсе бастағанын және ханзадалар тұлпарларын подъезд алдында үш қатарлап байлауларын атап өтіп жатыр.
Сонымен, сапарымыздың басында біз тау сілеусіні тәрізді шебер бүркенсе де (көздің астына консилер жағуды және ептеп хайлайтер қосуды ұмытпаймыз;)), іс жүзінде көрпемен бүркеніп, қыс бойы ұйықтауды армандайтын, қысқа уақытқа оянған кездерінде шоколад жеумен болатын ұйқылы бауырсақты білеміз. Бауырсақ қыс пен суықты сүймейді, бірақ күнді жақсы көреді, тек ол ғана оны қуантады. Сондықтан шуақты сәт түскенде мен посылканы алу үшін көшеге қыдыруға және қуанарлық сияқты қысқы #selfie жасау үшін жүгіріп шықтым.
Осымен қош болыңдар, және жаңа фото күтіңіздер. Шынайы сергек болуына үміттенемін!