Пробиотиктер және пребиотиктер — айырмашылығы неде?

8116

Пробиотиктер — тағайындалуы адам ағзасына жеткілікті мөлшерде оң әсер беретін тірі микроорганизмдер.

Пробиотиктер салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде, антибиотиктер курсынан кейін маңызды болып саналатын, ішектегі бактериялардың пайдалы түрлерінің құрамын арттыра алады Бірақ өзге текті микроорганизмдер біздің ағзамызда тез өлетіндіктен, бұл әсер ұзақ уақыт сақталмайды.

Тәжірибеде бактерияларды енгізудің микрофлоралардың құрамын қысқа уақытқа өзгертетінін, бірақ бастапқы құрамын тезарада қалыпқа келтіретіні көрсетілген. Сонымен қатар, что некоторые составы пробиотиктердің кейбір құрамының денсаулыққа жағымсыз ықпал еткенін де атап өткен жөн. Пробиотиктердің құрамына кіретін өзге текті микроорганизмдердегі кез келген иммундық реакцияның жағымды әсерлері де, жағымсыз әсерлері де болуы мүмкін. Демек, пробиотиктердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Сондықтан оларды қолданар алдында дәрігерден кеңес алу маңызды.

Пробиотиктер тірі микроорганизм болып табылса да:

  • ішекте үнемі өз жалғасын тауып кете алмайды;
  • антибиотиктердің жою әсеріне тез беріледі;
  • ағзада қысқа уақыт қана өмір сүреді (шамамен 5-7 күн), одан кейін адамның жеке микрофлорасымен ығысып шығады;
  • адам микрофлорасының штаммдарына антибиотиктердің резистенттілігін беруі мүмкін.

Пребиотиктер дегеніміз – асқазан-ішек жолының жоғары бөліктерінде қорытылмайтын және сіңірілмейтін, бірақ адамның тоқ ішегінің пайдалы микрофлорасымен ферменттеліп, оның өсуін және өмір сүруін ынталандыратын тағам компоненттері.

Пребиотиктер, пробиотиктерге қарағанда, микрофлораға артығырақ ықпал ете алады, себебі:

  • асқазан-ішек жолында бұзылмайды және антибиотиктердің жою әсері мен асқазанның қышқыл ортасына тез берілмейді;
  • адамның көптеген пайдалы бактерияларының жеке штаммдарының өсуін және дамуын ынталандырады;
  • ағзаның қайталама иммундық жауабын туындатпайды, өйткені оның құрамында өзге текті гендер жоқ;
  • антибиотиктер резистенттілігінің (антибиотиктерге төзімділігінің) гендерінен тұрмайды.

Дереккөз:
R. Walker, M. Buckley.Probiotic microbes: the scientific basis.A report from the American Academy of Microbiology, 2006.

КЕЙІН ҚАРАЙ