Лакторфильтрум аллергия кезінде

372

Аллергиялық реакциялар ғаламшарымыздың тұрғындарын жылдан жылға көп уайымдатады. Әр екінші адамда белгілі бір затқа тым қатты реакциясы бар, ол өмір сапасына әсер етеді. Аллергияның негізгі белгілері:

  • Терінің бөрітуі (мөлдір сұйықтығы бар ұзақ көпіршіктер түрінде);
  • Терінің қатты қышуы (сәл байқалғанның өзінде де қышиды);
  • Зақымдалған жерлердің ісінуі.

Көрсетілген симптомдар тағамдық, аэрозольдік және т.б. аллерген ағзасына әсер еткеннен кейін пайда болады. Егер онымен байланыс тоқтамаса, онда жанама салдары біртіндеп өрши түсіп, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Омырау еметін нәрестелер аллергиялық реакцияға көп ұшырайды. Олардың ағзалары асқазан-ішек жолдарына әрі қарай қанға түсетін басқа тектес заттармен тиімді күресуге үйрене қоймаған. Сондықтан ата-аналары балаларының тамағын және қоршаған ортамен байланысын ерекше қадағалауы керек.

Аллергиямен күресуге дәрілік заттар кешені кіреді, оларды белгілі бір схема бойынша қабылдау керек. Ағзадан аллергендерді шығару жолдарының бірі — энтеросорбенттер.

Сорбенттердің аллергия кезіндегі әсері

Сорбенттер қатарындағы препараттарды қабылдау* аллергияға қарсы препараттармен жақсы үйлеседі, мұндай кешенді емдеу тәсілінің нәтижесі өте жақсы болуы мүмкін. Аллергия адам ағзасында зиянды заттардың жиналып қалуы салдарынан болады, сондықтан сорбенттерді қабылдау иммунитеттің қате реакция жасау көзі болып табылатын жинақталған зиянды заттарды шығаруға қажетті.

Аллергия кезіндегі тиімді препараттардың бірі — Лактофильтрум®. Ол табиғи өнім, оның әсер ететін заты – «Лигнин»** өсімдіктен алынған әрі күшті сіңіргіш қасиеті бар.

 

Лактофильтрум® препаратын курспен қабылдау аллергияны емдеуді біршама жылдамдатуы мүмкін, ол зиянды заттарды ағзадан шығарып, ішектің қалыпты флорасын қалпына келтіріп, терідегі бөріткен мен қышынуды азайтады.

Энтеросорбенттің маңызды тиімді жағы – оның қанға сіңбейтінінде, демек адамға дәрінің жақпау қаупі төмен. Аллергиялық реакцияны емдеу кезінде дәрінің қауіпсіз болуы өте маңызды, себебі бұл кезде біздің ағзамыз ерекше әлсіз болады. Дегенмен сорбенттер АІЖ-дан барлық улы заттарды шығарып тастайтынын естен шығаруға болмайды, соның ішінде дәрілік заттар да бар, сондықтан оларды дәріден бөлек қабылдау керек (тым болмағанда арасына бір сағат салу керек).

Лигнин ағзаны улы заттар мен аллергендерден тазартқан соң, пребиотиктер көмегімен микрофлора балансын қалпына келтіру керек.

Пребиотиктер адам ағзасы өзінің қалыпты флорасын жасап, өзінің пайдалы бактерияларын дамытуы үшін нәрлік ортасын жасау үшін қызмет етеді.

Белгілі әрі танымал пребиотиктердің бірі — Лактулоза***, жартылай синтетикалық дисахарид.  Лактулоза медицинада 50 жыл бойы бифидо және лакто бактерияларды ынталандыру үшін қолданылып келеді.

 

Маңызды ақпарат! Лактофильтрум® препаратын қолдану үшін емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алу керек.

НҰСҚАУЛАР

* Сорбент — энтеросорбенттер - ағзадан зиянды заттарды, бактерияларды, улы заттарды, уларды байланыстырып, сыртқа шығаратын экзо- және эндогендік заттарды байланыстыратын құрылымы әртүрлі дәрілік.

**Лигнин - ағзадан улы заттарды, ауру тудыратын бактерияларды, аллергендерді және шлактарды байланыстырып, сыртқа шығаратын табиғи сорбент.

***Лактулоза - жартылай синтетикалық дисахарид, ыдырамайды және адам ағзасы қабылдамайды. Лактулоза – бұл пребиотик – «пайдалы бактерияларға арналған азық».

ТЕРІНІҢ САУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ

КЕЙІН ҚАРАЙ