Қалыпты микрофлораның жағдайы ағза денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қалыптыфлора құрамының сандық және түрлік өзгерістері аурудың дамуымен қатар, субклиникалықтан өтетін аурулардың манифестациясымен қатар жүруі мүмкін. Материал тағамдық талшықтардың (гидролиздік лигнин) қосымша көзі болып табылатын отандық Лактофильтрум дәрілік препаратының және терінің микробиоценозының негізгі шартты-патогенді өкілдерінің бірі ретінде стафилококтардың құрамына пребиотиктің (лактулозаның) әсерін бағалауға арналған.
Теріде тіршілік ететін микробтардың популяциясы сыртқы ортамен барынша жанасуына байланысты тұрақты өзгеріске ұшыраса да, микроағзалардың көбеюі ағзаның табиғи резистенттілік факторларымен шектеледі, мысалы А және G класты иммуноглобулиндер, трансферрин, лизоцим, органикалық қышқылдар және микробқа қарсы заттар, сондай-ақ рН деңгейі төмен және терінің төмен температурасы сияқты.
Терінің арнайы емес резистенттілігін бағалау үшін стафилококтардың иммундық жабысу реакциясы табысты қолданылады. Оның өзгеруі иммуноглобулиндер және қан сарысуының комплементі сияқты резистенттіліктің маңызды компоненттерінің деңгейі мен өзара әрекеттесуін көрсетуі мүмкін. Ағзаның табиғи резистенттілігінің жағдайын бағалауға маңызды үлесті қалыпты микрофлораның сандық құрамын анықтау енгізеді, өйткені терінің бактерицидтік қызметінің төмендеуі терінің аутомикрофлорасы (ТАМФ) деңгейінің жоғарылауымен жүреді. Терінің қалыпты флорасының бұзылуы бақылаумен салыстырғанда коагулазонегативті стафилококтардың артық пролиферациясымен байқалады. Бұдан бұрын айтылғандай, теңге қотырмен ауыратын емдеушілерді тексеру кезінде стафилококтар ошақтарда анықталған адам папилломасы вирустарымен (АПВ) қатар резиденттік иммунокомпетентті жасушаларды ынталандыратын суперантиген ретінде әрекет ете алады сол арқылы кератиноциттердің күшейтілген пролиферациясына әкелетін цитокиндік реакциялардың каскадын іске қоса отырып.
Осылайша, стафилокококтар терінің микробиоценозының негізгі шартты-патогенді өкілдерінің бірі болып табылады және олардың құрамын анықтау ағзаның табиғи резистенттілігін бағалауда маңызды рөл атқарады.
Келтірілген мәліметтер терінің ТАМФ уақытылы түзетудің орындылығын көрсетеді, оның тәсілдері одан әрі оңтайландыруды қажет етеді және ағзаның табиғи резистенттілігінің бұзылуының бастапқы және қайталама алдын алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте терінің бұзылуын түзетудің ұсынылатын әдісінің ұтымдылығы терінің микробтық ұрықтандырылуын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау есебімен бағалануы мүмкін.
Лактофильтрумның басқа энтеросорбенттердің алдында елеулі артықшылығы бар – дозалауды қиындатқан және оның белгілі бір дәмі мен иісін жоймаған гель немесе ұнтақ түрінде емес, таблеткаланған түрінде ұсынылған және емделушілермен жақсы көтеріледі.
Мәселен, Л.Д. Калюжная мен тең авторлардың деректері бойынша ауырлық дәрежесі орташа атопиялық дерматитпен 26 баланы (6-дан 18-ге дейін) моноемдеуде Лактофильтрумды қолдану 3 жасқа дейін ½ табл. күніне 3 мәрте; 3-тен 12 жасқа дейін күніне 1 табл. 3 мәрте; 12-ден 18 жасқа дейін астан 1-1,5 сағат бұрын күніне 2 табл. З мәрте ішкенде; 10-14 күндік курсқа) (24-тен 62 бірлкке дейін SCORAD индексі) қабылдаудың 2-күніне қарай диспептикалық құбылыстардың жойылуына және дәреттің қалыпқа келуіне, ал 10-14 күнге қарай патологиялық процестің субъективтік сезінулер айтарлықтай азайып жеңіл өту кезеңіне әкелді, оған қоса Лактофильтрумды пайдаланған кезде жанама құбылыстар байқалмаған.
Біз жүргізген зерттеуде 25-тен 27 жасқа дейінгі 30 әйел (орташа алғанда 25,6 жас) және бақылау тобындағы 30 әйел (осы емдеуді алмаған сол жастағы сау донорлар) тексеруге алынды.
Зерттеу материалы сау терінің қырындылары болды. Материал алу біржолғы скарификаторлармен жүргізілді. Стафилакокктың репрезентативтік өкілдерінің сандық бағалауын ауданы 10 см2 біржолғы стерильді пластикалық ұсақ табақшалар – «Бактотесттерді» пайдаланып, агарлы таңбалар әдісімен жүргізілді.
Тексерілген әйелдер тобында көрінісіне қарағанда сау терінің бөліктерінен таңбалар түсірілді. Бақылау тобынан таңбалар оң білектің биотопынан алынды. Таңбаларды себу 10% қанды агарға және Baio Merieyx фирмасының Columbia ортасына жүргізілді. Жабыстыру уақыты 40 сек. құрады. Себінділер 48 сағат бойына 37Со термостатта инкубацияланды. Өсіп шыққан колониялар есептеліп, Грамм бойынша боялды. Стафилакокктардың таза өсіріндісін бірдейлендіру үшін сарыуызды-тұзды агарда өндірілетін лецитовителаздарды ескере отырып, плазмокоагулаздарды анықтау тесті пайдаланылды.
Айқын білінген колониялар саны (теріге ұрық себілуі дәрежесі) бойынша тексерілетін және бақылау топтары терісінің аутомиклофлорасының деңгейі анықталды. Бұл тұрғыда 4 топ бөлініп шығарылды: бірінші – АМФК деігейі қалыпты (20 КОЕ/таңбаға дейін); екінші – деңгейін арттыра отырып (21-100 КОЕ/таңба); үшінші – жоғары деңгей (100 КОЕ/таңбадан астам; төртінші – АМФК деңгейі өте жоғары (жаппай өсу). Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі топтағы 9 әйелге (27%) және бақылау тобындағы 8 (26,6%) әйелге Лактофильтрумды қолданғанға дейін АМФК асыңқы деңгейі байқалғаны анықталды, бұл оларда табиғи резистенттіліктің және терінің компенсаторлық мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендегенін дәлелдейді.
Негізгі топтағы 9 әйелдің (р < 0,05) 7-уінде (77,7%) Лактофильтрумды ішкеннен кейін (күніне 3 мәрте астан 1-,5 сағат бұрын 2 таб.) 30 күн бойына Лактофильтрумды ішкеннен кейін сау терінің аутомикрофлорасының түзетілгенін (3,8 есе ) көрсететін Staphylococcus aureus колония құраушы бірліктерінің саны қалыпқа түскен. Негізгі топтағы 2 (22,3%) әйелде ғана АМФК деңгейі көтеріңкі болып қалан, бұл осы көрсеткіш емделгенге дейін (р < 0,05) артқан әйелдер санынан сенімді түрде ерекшеленген. Препаратты алмаған әйелдердің бақылау тобында АМФК деңгейі бір айдан кейін статистикалық тұрғыда өзгермеген және бір ай бұрын болғандай 8 (26,6%) әйелде Staph. aureus колония құраушы бірліктер азайғаны байқалған. Лактофильтрумды қабылдағаннан кейін АМФК деңгейі көтеріңкі негізгі топтағы әйелдер саны арасындағы айырмашылықтар – 2 (6,6%) және бақылау тобындағы – 8 (26,6%) айтарлықтай болған (р < 0,05) негізгі топтағы әйелдер арасында Лактофильтрум емдеу курсын алғанға дейін – 9 (27%) және емделгеннен кейін 2 (6,6%) (р < 0,05) секілді.
Алынған деректер Лактофильтрумды ішкеннен кейін сау терінің аутомикрофлорасының түзетілгенін (3,8 есе ) көрсететін Staphylococcus aureus колония құраушы бірліктерінің саны қалыпқа түскенін растайды.