Есекжемнен арылтатын Лактофильтрум

1548

Есекжем сыртқы ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларының шамадан тыс реакциясын білдіреді. Үсіп қалу, кейбір тағам түрлерін тұтыну, тіпті жәндіктердің шағып алуы осындай патологиялық синдромды тудыруы мүмкін. Есекжем жеке ауру болуы немесе басқа аурудың, көбіне аллергиядан туындайтын аурудың бөлігі болуы мүмкін.

Есекжем мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер сияқты терінің қатты бөрітуінен білінеді. Бөріткендер ісініп, үнемі қатты қышиды, оларды ешнәрсемен басу мүмкін емес. Есекжем жеке бір жерде немесе ауыр жағдайларда бүкіл денені зақымдауы мүмкін.

Есекжеммен күресу үшін жүйелі әрі сыртқа қолданылатын бірқатар арнайы емдеу шараларынан тұрады. Дегенмен, ең алдымен ахуалдың туындау себебін анықтап, соның көзін жою керек. Ағзадан зақымдаушы факторлары бар компоненттерді барынша тез шығару керек, ол үшін арнайы дәрілік заттар қолданылады.

Есекжемді дұрыс емдеу

Есекжемнің кез келген түрі пайда болғанда қолданылатын емге мыналар кіреді:

•             Антигистамин заттары (гиперреакцияның басты буындарына тосқауыл қоя отырып проблема механизміне әсер етеді);

•             Сыртқа қолданылатын жақпамайлар мен кремдер (құрамына антигистаминдік және гормондық компоненттер бар, белгілерінің көзін жояды);

•             Гормондық препараттар (ағза реакциясын орталықтан басады, ауыр жағдайларда қолданылады).

Алайда ағада улы заттың болуы бөріткенді қоздыратын басты факторы болатынын естен шығармау керек. АІЖ, бауыр және бүйректер зиянды улы затты дер кезінде бейтараптандыруға шамасы жетпей, есекжемді емдеу ұзаққа созылып, асқына түседі. Оны күшті энтеросорбент болып табылатын Лактофильтрум препаратының көмегімен шығаруға болады.

Бұл дәрінің есекжем ауруына әсер ету қағидасында этиологиялық фактордың мөлшерін төмендетумен қатар, проблеманың патогенезіне (өршу механизміне) әсер етіп, иммундық жүйедегі бөріткенді қоздыратын өнімнің көзін жояды. Дәрінің өсімдік компоненті өзіне асқазан-ішек жолдарындағы зиянды заттарды тартып жинайды да, оларды табиғи жолмен сыртқа шығарады. Бөріту, қышу, ісіну емдеу схемасына ас қорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіретін сорбенттерді қосқаннан кейін бірден азая бастайды. Есекжемнің өршуі кезіндегі оның рөлі бағалауға тұрарлық. Өйткені сау ішек — әдемі тері деп бекер айтпайды!

Маңызды ақпарат: Қолданар алдына нұсқаулықты оқып шығыңыз немесе емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ

ТЕРІНІҢ САУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ

КЕЙІН ҚАРАЙ