Қорғаныс жүйесі жақсы қалыптасқан ересектердікіне қарағанда бала ағзасы әртүрлі зиянды факторлардың әсеріне бірталай көп ұшырайды. Сондықтан ата-аналар өз балаларының уланып қалған немесе олардың ағзасына басқа да зиянды заттардың түсіп кету жағдайларына тап болып жатады. Олармен күресу оңайға соқпайды, себебі ағзаны қауіпсіз емдеуге кей дәрілердің күші жете бермейді. Емді барынша абайлап таңдау керек.
Препараттың әсерін әртүрлі қабылдауы ықтимал бала ағзаларының ерекшеліктері:
• Толық қалыптаспаған иммунитет;
• Барлық органдар мен жүйелердің қарқынды дамуы;
• Ішектің пайдалы микрофлорасының әлсіздігі;
• Ағзаның жалпы реакциясының жекелеген реакциясынан басым болуы.
Бала ағзасында қолайсыз салдардың пайда болуына басқа тектес заттардың ең аз мөлшері жеткілікті. Мысалы, балалар аз мөлшерде қолайсыз азық-түлік тұтынғанынан көбіне тағамдық диатезаға ұшырайды. Мұндай реакцияның белгілері — терінің бөрітуі. Кейде ас қорыту жүйесінің бұзылуы да осыған қосылады. Ата-анасы патологиялық синдромды тоқтату үшін мұндай кезде тез әрі дұрыс ем-дом қолдануы керек.
Препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі
Баланың кез келген улануын кешенді түрде емдеуге тек тексерілген препараттар ғана кіруге тиіс, олардың нұсқаулықтарында балаларға қолдану мүмкіндігі көрсетілген болуы керек. Барынша өзін өзі емдеумен айналыспай, педиатрларға қаралып, кепілді түрде қауіпсіз емдеу курсын алған жөн. Ондай курс құрамында міндетті түрде сорбенттер тобынан тұратын дәрілер болуы керек.
Лактофильтрум — тиімді препарат, оның құрамына екі әсер етуші зат кіреді: өсімдіктен алынған күшті энтеросорбент және ішек микрофлорасын қалпына келтіретін иммундық модулятор. Балаға дәрілік заттың екі компоненті де өте маңызды, сондықтан оны 1 жылдан асқан сәбилерді емдеу үшін белсенді түрде пайдаланады.
Сорбенттер — балалардың АІЖ бұзылуын емдеуге арналған толығымен қауіпсіз препараттар, өйткені олар қанға сіңбей, тек ішек ішінде ғана әсер етеді. Сауықтыру процесі зиянды компоненттерді байланыстырып, ағзадан шығару арқылы жүреді. осының арқасында патология белгілері тез жоғалып кетеді. Балаларға сау ішек – әдемі тері кепілі деген қағида ерекше қолданылады. Бірақ дәрінің мөлшерін дұрыс таңдай білу керек, дәрі мөлшері омыраудағы нәрестелер, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы бастауыш сыныптардағы балалар үшін ересектермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болуы керек.
Маңызды ақпарат: Қолданар алдына нұсқаулықты оқып шығыңыз немесе емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.