Балалардың аллергиясы туралы не білу керек
Аллергиялық аурулардың жиілігі жыл сайын өсуде. Егер ересектерде аллергеннің реакциясы ауадағы «молекуладан» (шаң, тозаң, көгерулер, жануарлардың жүнінен) болса, ал кішкентайларда аллергиялық реакция әртүрлі тағамдар арқылы пайда болады.
1-дерек. Тағамдық аллергия 2 жастан кіші балаларда пайда болады, және есейген сайын өздігінен қайтады
Бұл ас қорыту жүйесінің толық жетілмеуіне байланысты. Есейген сайын асқазан-ішек жолы жетіледі және тағам аллергиясы (ТА) кетіп қалады. Дегенмен, кейбір балаларда ТА сақталады және аллергиялық ринит, конъюнктивит және кеңірдекше демікпесі де пайда болуы мүмкін. Медицинада мұндай жағдай «атопиялық марш» деп аталады.
2-дерек. Осы уақытқа дейін «атопиялық марш» неден пайда болатынына нақты жауап жоқ
Балада аллергияның дамуының 30-40%, егер оның ата-анасының біреуі аллергик болса; және 70-75% , егер ата-ананың екеуі де осы ауруға шалдыққан болса, даму мүмкіндігі дәлелденген. «Атопиялық марштың» даму қаупі, егер тағамдық аллергияны жақсылап емдесе және оның алдын алса, төмендейді.
3-дерек. Тағамдық алергия көбінде жақсы танымал тағамдар арқылы қозуы мүмкін
Таң қаларлығы, балалардың ең балғын шағында аллергиялық тағам – шоколад пен экзотикалық жеміс-жидек емес, ол – кәдімгі сиыр сүті. Сүттен бөлек, ең жоғары аллергенді тағамдардың «үлкен сегіздіктің» құрамына: тауық жұмыртқасы, бидай, жержаңғақ, соя, жаңғақ, асшаяны, теңіз шаяны және балық кіреді.
4-дерек. Көптеген балалардың алғашқы өмірінде атопиялық дерматит тағам аллергиясының салдарынан болып табылады.
Аллергия/тағамға төзімсіздік атопиялық дерматиттің дамуына ықпал жасауы мүмкін, алайда үлкендерге қарағанда ол балаларда жиі болады.
5-дерек. Атопиялық дерматиттің пайда болудың белгілі факторы ішек дисбактериозы болып табылады
Сонымен қатар, қазіргі уақытта АД кезінде тері микрофлорасының құрамына ішек дисбиозының жанама әсері дәлелденді: ішектегі лактобактериялар құрамының төмендеуі теріге Staphylococcus epidermidis деңгейінің жоғарылауына алып келеді, олар ағзаның аллергизацияның қосымша көзі және жұқпалы асқынулардың себебі болып табылады*.
Атопиялық дерматиті бар балалардың 80-90% - да ішек дисбактериозы анықталады. Осы уақытқа дейін мамандар бастапқы — атопиялық дерматит немесе ішектің дисбактериозы деп таласады. Бірақ АД бар балада шырғалаң шеңбер құрылатыны белгілі: гиперсенсибилизация-қышу-жүйке-рефлекторлық қозу-вегето-висцералды бұзылулар-АІЖ қызметінің бұзылуы-гиперсенсибилизация*.
Балалардың аллергодерматозын кешенді емдеу
Балалардың аллергодерматозын кешендік емдеуге АІЖ, детоксикация (энтеросорбцияны) ауруларын емдеуде және ішектің микрофлора балансын қалпына келтіретін препараттарды пайдалану жүйелігін міндетті түрде қосады.
Лактофильтрум® екі жақты әсер ететін қазіргі инновациялық дәрі ағзаға кешендік өзара әсер етеді және и тері қышуының ұзақтығы мен қарқындылығын қысқартуға мүмкіндік береді, және балалардың атопиялық дерматитінің ремиссия мерзімін айтарлықтай ұзартады.
Лактофильтрум® құрамында екі белсенді зат қамтиды:
Лактофильтрум ® құрамына табиғи сорбент кіреді— жоғары және әмбебаптық сорбенттейтін қабілеттігі бар ағаш сүрегіні өңдейтін өнім —лигнин . Лактофильтрум® құрамында пребиотика қызметін Лактулоза орындайды, бұл бифидогендік белсенділігімен дәлелденген және иммунотроптық қасиеті бар ең қуатты пребиотик.
Лактофильтрум® атопиялық дерматит кезінде әсер етеді:
Лактофильтрум® таблетка түрінде және кішкентай жастағы балалардың пайдалануына өте ыңғайлы саше-қалташықтары түрінде шығарылады.
Лактофильтрум® (саше-пакетиктері) дәрісін қалай қабылдайды
Лактофильтрум® құрамында лактулозамен қатар, қуатты сорбциялық әрекеті бар, тек токсиндер мен патогендік бактерияларды ғана емес, сондай-ақ, кейбір тағамның пайдалы құрамдастарын, Лактофильтрум®-мен бірге қабылдайтын басқа да дәрілік препараттарды байланыстыра және шығара алатын сорбент лигнинді қамтиды.
Лактофильтрум бөлек-бөлек қабылдау ережесін сақтаған жағдайда басқа дәрі-дәрмектермен кешенді емдеу кезінде қабылдауға болады.
Лактофильтрумды тамаққа дейін немесе тамақтан кейін және дәрі-дәрмектерді қабылдаудан кейін 1-1,5 сағат аралатып қабылдайды.
Қабылдау тәсілі және мөлшерлемесі:
Саше-қалташықтың ішіндегісін 50-100 мл жылы сумен араластырып, гомогендік суспензия пайда болғанға дейін ерітеді.
Қабылдау курсы: 10-14 күн немесе дәрігердің нұсқауы бойынша.
Қарсы көрсетімдер: тағам құрамдастарын жеке ағзаның көтере алмауы.
Көзі:
* Атопиялық дерматит және дисбактериоз. Ю. А. Галлямова, м.ғ.д., РҮКБМА проф., Мәскеу, Емдеуші дәрігер, қараша 2010 ж., 2-5 б.