Дисбактериоз белгілерін жеңілдету: ішек микрофлорасын қалай қолдауға болады
Неліктен ішек саулығы ағза үшін өте маңызды?
Көбіне денсаулығымызға қатысты түрлі өзгерістер пайда болғанда, мәселені өмір салтының бір қырынан шешуге тырысамыз. Әрине, теріс сыртқы факторлар, жоғары жүктеме және дұрыс емес тамақтану ағзамызға әсер етіп, түрлі бұзылуларға әкелуі мүмкін. Алайда бүкіл ағзаның жалпы жағдайы асқорыту жүйесінің саулығына тікелей байланысты. Себебі дәл ішекте негізгі қоректік заттар сіңіріледі және иммундық қорғанысқа жауапты жасушалардың 80%-ы осы жерде түзіледі.
Ішекте миллиардтаған бактериялар тіршілік етеді, олар бірігіп микрофлора деп аталатын күрделі жүйе құрайды. Қалыпты микрофлораның 95%-ын бифидобактериялар мен лактобациллалар құрайды. Олар:
- асқорыту процесіне көмектеседі,
- витаминдер мен минералдардың сіңуін жақсартады,
- ішекті патогенді микроорганизмдерден қорғайды,
- иммундық жүйені нығайтады.
«Пайдалы» және «зиянды» бактериялар арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда дисбактериоз туындайды. Бұл кезде асқорыту жағынан жағымсыз белгілер (іштің кебуі, жайсыздық, нәжіс сипатының өзгеруі) пайда болуы мүмкін, ағзаның қорғаныс қабілеті төмендеп, жалпы әлсіздік сезіледі.
Что влияет на появление дисбактериоза?
- Фастфуд пен қант мөлшері көп өнімдерді шамадан тыс пайдалану
- Жүйесіз немесе біркелкі тамақтану
- Антибиотиктер мен басқа да дәрі-дәрмектерді жиі қабылдау
- Стресс, ұйқының жетіспеушілігі, шамадан тыс физикалық не эмоционалды жүктемелер
- Алкогольді шамадан тыс тұтыну
Бұл факторлардың барлығы асқорыту жүйесіне қосымша салмақ түсіріп, микрофлораның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Ағзаға қалай көмектесуге болады?
- Дұрыс тамақтану қағидаларын ұстаныңыз (тамақ рационына көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар мен ақуызды тағамдарды қосыңыз).
- Пайдалы бактерияларға «қорек» болатын клетчатка үлесін көбейтіңіз.
- Күн тәртібін сақтаңыз: толыққанды ұйқы мен жеткілікті демалыс ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді.
- Микрофлора теңгерімін қолдауға арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
Солардың бірі – Лактофильтрум, оның құрамында сорбент пен пребиотик бар. Сорбент ағзадағы токсиндер мен зат алмасу өнімдерін байланыстырып, сыртқа шығарады, ал пребиотик (лактулоза) ішектегі пайдалы бактериялардың өсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде жайсыздық белгілері азайып, жеңілдік сезімі пайда болып, ағзаның жалпы жағдайы жақсарады.
Қайдан сатып алуға болады?
Бүгінде денсаулыққа қамқорлықты іштен бастаудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану, жеткілікті физикалық белсенділік және тұрақты ұйқы – ағзаның жақсы күйін сақтау үшін ең маңызды әдеттер. Ал өмір салтын толыққанды ұстана алмаған жағдайда, Лактофильтрум ішек микрофлорасының теңгерімін сақтауға және дисбактериоз белгілерінен арылуға көмектеседі. Лактофильтрумды қандай мөлшерде және қалай қабылдау керектігі жайлы ақпаратты таба аласыз осы жерден.