Дәрілік препаратты медициналық қолданужөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы: Лактофильтрум AVVA
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы: Таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы: Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішекке арналған қабынуға қарсы/микробқа қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Басқа да ішек адсорбенттері.
АТХ коды: A07BC
Қолданылуы:
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастағы балаларда қолдануға арналған.
- ішек микрофлорасының бұзылыстары (ішек дисбактериозы), сонымен бірге антибиотиктермен емделудің нәтижесінде
Кешенді ем құрамында:
- тітіркенген ішек синдромында
- гепатит және бауыр циррозында
- аллергиялық ауруларда (атопиялық дерматитте, есекжемде)
- бактериялық вагинозда (қынаптық дисбиозда)
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке көтере алмаушылық
- ішектің бітелуі
- асқазан-ішектен қан кету
- галактоземия
- асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі- ішек атониясы
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қабылданатын кейбір препараттардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препарат бөлек қабылдау ережесі сақталған кезде басқа дәрілік препараттармен бірігіп кешенді ем құрамында пайдаланылуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан егде жастағы пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың (мысалы, бас айналу немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ету) пайда болу қаупінің ықтималдылығы аз. Дәрілік препараттың қауіпсіздік бейінін модификациялай алатын бір мезгілде әсер ететін көптеген қатар жүретін патологияның және көп компонентті дәрілік емнің болуы да аз ықтималдықпен жүйелік әсердің болмауын ескере отырып, жағымсыз реакциялардың туындау қаупіне әсер етуі мүмкін.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің ықтималдылығы аз
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің ықтималдылығы аз.
Педиатрияда қолдану
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын 1 жастағы балаларда және жасөспірімдерде қолдануға рұқсат етілген.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және/немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Ішек дисбактериозы кезінде:
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – күніне 3 рет 2-3 таблеткадан;
- 8 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1-2 таблеткадан;
- 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1 таблеткадан;
- 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 1/2 таблеткадан.
Бактериялық вагиноз кезінде (қынаптық дисбиозда):
2 таблеткадан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Қажет болған жағдайда, тамақ ішкенге және басқа дәрілік заттарды қабылданға дейін бір сағат бұрын, алдын ала ұнтақтап, су іше отырып, жұтады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер мен бір жастағы балаларға − тамақ ішкенге дейін және басқа дәрілік заттарды қабылдағанға дейін бір сағат бұрын, Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қабылдау жиілігі – күніне 3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының орташа ұзақтығы-2-3 апта.Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану және қайталанатын емдеу курстары дәрігердің ұсынысы бойынша ғана жүргізілуі тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: іш қату, іштің ауыруы.
Емі: Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын тоқтату.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратының бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде өткізіп алған дозаны компенсациялау үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаған кезде пациент емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоғына нұсқау
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін препаратты қандай да бір тоқтату симптомдары байқалмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдану тәсілі бойынша ұсынымдар қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректерден анықтау мүмкін емес).
Сирек :
- метеоризм, диарея
Жиілігі белгісіз:
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем)
Нарушения со стороны кожи и подкожных тканей
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және Шешімі: N048138Шешім тіркелген күні: 08.02.2022Мемлекеттік орган басшысының (немесе уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): Байсеркин Б. С.(Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті)Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлы қол қою жөнінде» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз түріндегі құжатқа теңфармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамындабелсенді заттар: гидролизді лигнин (құрғақ затқа шаққанда), 355.0 мг, лактулоза (100% затқа шаққанда), 120.0 мг.қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ-сұр түсті теңбілдері бар, қою қоңыр түсті, сызығы бар екі жақ беті дөңес капсула пішінді таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«АВВА РУС» АҚ, Ресей
610044, Киров обл., Киров қ., Луганская к-сі, 53А үй
Тел.: +7 (8332) 25-12-29; + 7 (495) 956-75-54
avva.com.ru
lactofiltrum.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
АВВА Фармасьютикалс Лтд.
Мекенжайы: 23А Спиру Киприану, 4001 Меса Гейтония, Лимассол, Кипр.
+357 25 572 200
info@avvapharma.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«AVVA Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050008, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 109В үй, 501 т. е., Тел.: +7 (727) 355-11-27
drug.safety@avva-rus.ru