Ішек дисбактериозы
Ауру туралы
Дисбактериоз — бұл асқазан-ішек жолы микрофлорасының теңгерімсіздігімен сипатталатын жай-күйлердің кешені. Бұл бұзылыстың көріністерінің ауқымды спектрі кешенді емдеуді талап етеді. Жағымсыз симптомдардан бастап организмдегі күрделі өзгерістерге дейін — дисбактериоз денсаулықтың көптеген аспектілеріне ықпалын тигізуі мүмкін
Дисбактериоздың мұндай көріністеріне антибиотиктерді пайдалану, дұрыс тамақтанбау, стресс және гормондық өзгерістер сияқты түрлі факторлар түрткі болады. Микрофлора теңгерімінің қалпына келуі жалпы денсаулық пен әл-ауқатты сүйемелдеу үшін шұғыл міндет болып табылады.
Адамның ас қорыту жолында қалыпты жағдайда микроорганизмдердің жеті мыңнан астам түрі болады. Толыққанды қоректік орта болған жағдайда, бұл микрофлора біздің организмімізге толыққанды қызмет атқаруға көмектеседі:
- ішек қабырғасындағы жасушалардың өсуін стимуляциялайды;
- патогенді микроорганизмдердің көбеюін бәсеңдетеді;
- қоректік заттардың сіңірілу үдерістеріне қатысады;
- майлар мен энергия алмасуына қатысады;
- иммунитеттің жұмысын қалыпқа түсіреді;
- мидың тиімді жұмыс істеуіне қатысады.
Микрофлора құрамының бұзылуы мерзімінен бұрын қартаюды тудырады, оған түрлі аутоиммундық, қабыну аурулары, ас қорыту жолы мен нейропсихикалық жүйенің патологиялары негіз болады.
Ішек дисбактериозы көбінесе ересектерде дамиды, ерлер мен әйелдер одан бірдей дәрежеде зардап шегеді.
Дисбактериоздың түрлері
Микрофлораның болжамды құрамына байланысты, дисбактериоз 3 дәрежеге бөлінеді
- I - ішектің қалыпты микроорганизмдерінің мөлшері азаяды
- II - шартты-патогенді микроорганизмдердің мөлшері артады;
- III - патогенді, ауру тудыратын флора дамиды.
Дисбактериоздың клиникалық ағымы бойынша оны 3 түрге бөледі:
- жасырын (қосымша диагностика әдістерінің көмегімен анықталады, клиникалық тұрғыдан көрініс бермейді);
- ішек симптомдарымен (диспепсияның клиникалық көрінісімен сипатталады);
- асқынулардың дамуымен (ішектің, жыныс мүшелерінің, терінің, нейропсихикалық жүйенің созылмалы ауруларының белгілері, сондай-ақ, инсулинге резистенттілік орын алады)
Дисбактериоздың себебі
- антибиотиктер мен микробқа қарсы басқа препараттарды ұтымсыз пайдалану;
- психоэмоционалдық стрестер;
- теңгерімсіз тамақтану (жаңа піскен немесе ферменттелген жемістердің, көкөністердің, күрделі көмірсулардың мөлшері аз болуы, тәтті, крахмалды, майлы, қуырылған өнімдер мен тамақтардың тым көп пайдаланылуы);
- алкогольді шамадан тыс пайдалану;
- тағамдық қоспалар қосылған (соның ішінде, құрамында антибиотиктер бар) өнімдерді пайдалану
- гормондар теңгерімінің бұзылуы (әйелдердегі гиперандрогения);
- туа біткен және жүре пайда болған иммун тапшылықтары;
- климат, сағат белдеулерінің өзгеруі және сонымен байланысты, ас қорыту жолындағы биоырғақтың бұзылулары;
- химиялық- және сәулелік ем;
- асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары, басқа жерлерде орныққан ауыр инфекциялық және соматикалық аурулар.
Дисбактериоз симптомдары
Ересектердегі ішек дисбактериозына тән симптомдар:
- үлкен дәреттің бұзылуы (диарея және/немесе іш қатулар);
- орнығуы белгісіз іш ауыруы;
- ішек бойының шұрылдауы;
- ішектің кебуі;
- тамақтанудан кейін іштегі ауырлық сезімі;
- иммунитеттің төмендеуі;
- аллергиялық реакциялар.
Аталған симптомдар сүт, дәнді тағамдарды, піскен нан мен тәттілерді пайдаланғаннан кейін айқынырақ болады.
Ішектің қорғаныс функциясының бұзылуы иммунитет жүйесінің дисфункциясына алып келеді, соның салдарынан дисбактериоздың асқынулары: терінің құрғауы немесе майлануы, қабыршықтануы, қышынуы; қынаптық кандидоз; ауыздағы жағымсыз дәм, ауыздан иіс шығуы, стоматит; дене салмағының артуы, қандағы қант деңгейінің жоғарылауы, дислипидемия;
буындардың ауыруы; жалпы әлсіздік, шаршау, үрей, жылауықтық, көңіл-күйдің ауытқулары, стреске әдеттен тыс реакция; кіші дәреттің сұйылып жиілеуі, аллергендік өнімдерді пайланудан кейін терінің қышынуы дамиды.
Дисбактериозды емдеу
Ішек микробиомының құрамы тікелей пациенттің тамақтануының сипатына тәуелді. Тамақтану алуан түрлі және теңгерімді болуы, әр түрлі– жаңа піскен, бұқтырылған, маринадталған, ашытылған көкөністер мен жемістерді қамтуы тиіс. Тамақтану мәзірінде қарапайым көмірсулар мен малдың майын, жағдайға байланысты (ас қорытудың сапасына байланысты) - құрамында глютен бар өнімдерді және/немесе сүт өнімдерін шектеу керек.
Дисбактериозды емдеу мақсатында пациентке мыналардыда тағайындауға болады:
- ЛАКТОФИЛЬТРУМ (патогенді микрофлораны шығаратын және ішекте пайдалы бактериялардың көбеюін стимуляциялайтын кешенді препарат);
- пребиотиктер мен пробиотиктер (пайдалы бактериялардың көбеюіне жағымды әсер береді);
- антибиотиктер (ішекте пайда болған патогенді микрофлораны бәсеңдету үшін);
- бактериофагтар;
- нәжісті трансплантациялау.
Дисбактериоздың профилактикасы
Ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы қаупін төмендетуге көмектесетіндер:
- дұрыс тамақтану (ұтымды, теңгерімді, алуан түрлі);
- сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу – тәулігіне кемінде 1.5 л;
- жүйелі дене белсенділігін, стрестерді азайтуды, зиянды әдеттерден бас тартуды қамтитын белсенді өмір салты;
- инфекциялық және соматикалық ауруларды уақтылы емдеу;
- инфекцияларды емдеуде антибиотиктерді ұтымды пайдалану (қатаң түрде, аурудың шығу тегі бактериялық болған жағдайда, жеткілікті дозада, толық курспен — ұсынылғанынан аз емес және көп емес);
- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
- жеміс, көкөністерді жеудің алдында жуу;
- микробқа қарсы белсенділікке гигиеналық құралдар мен косметиканы пайдаланудан баст тарту.