Танысу

52

Сәлем, менің атым Даша, мен 27 жастамын және компанияның пиар-бөлімінде жұмыс істеймін (бұл жерде «Сәлем, Даша» және енжар қол соғу естілу тиіс).

Менің ішімдегі «СӨС маньягі» мектеп жасымнан бері мазалайды: оныншы сыныпта мен қант жеуді қойдым - әйелдер ағзасына тигізетін зияны туралы оқып алып - және әжем колбаса қосылған бутерброд ұсынса, көзімді бақырайтып, ашуланатынмын. Үзілістерде сыныптастарым чипсыді кока-коламен ішіп немесе гастриттерін бұрыштағы киоскіден алынған пицца-сымақпен (кетчуп пен майонез құйылған жайпиған коржиктер деп оқыңыз) өршітсе, мен тек мырс ететінмін. Студент жылдары таңертеңдері сұлы ботқасына "отырып", ет жеуді қойдым, бірақ кофе ішуді әуестендім - бірақ мен оны өзіме тамырлар мен жүректің бұлшық етін күшейтеді деп ақтаймын. Бұл британ ғалымдарының жай ғана жорамалдары емес деп үміттенемін.

Қазір мен күніне қасиетті бір жарым литр су ішем (кофе не алкоголь ішкен жағдайда - онда тіпті екі литр), көптеп маусымдық көкөніс, жеміс пен жас көкті тұтынамын. Бірақ түскі уақытта қабатталған тәтті нан мен печеньені көбірек жеп қоямын, сондай-ақ кәмпиттен де бас тартпаймын, ал оны біздің кеңсеміздің клиенттері көптеп сыйлайды. Дене шынықтыруды мектеп аттестатын алғаннан бері қойғанмын. Санамның бір қырымен менің тағамдық талғамым үлгілілерден алыс екенін, ағзаның жүйелі детоксы тәрізді жаңа дәстүрді бастау керек екенін түсінсем де, бұл бағытта зауықсыз ойландым.

Әйткенмен, мен бірден екі тепкі алдым: біріншіден, мен жасөспірім кезінде ғана етеккір келер алды кезеңінде бөртетіндей бөртіп кеттім! (Ғалам, мен енді он бесте емеспін деп күрсінгенде, тіпті бұны меңземеймін!) Мен дереу дарсонваль мен кептіруші маскаларға жүгірдім, бірақ мәселе ішімде екенін, сыртқы қабынуды емдеу жеткіліксіз - ағзаны уыттардан тазалау қажет екенін түсіндім. Бұл жерде "екіншіден" басталды: маған құрамына сорбент (уыттар мен барлық керексіз нәрселерді сорып, шығарады) және пребиотиктер (пайдалы микрофлораны қалыптайды, бұл суық тию кезінде өте маңызды, өйткені шын мәнінде бұл біздің иммунитетіміз) кіретін Лактофильтрум кездесті. Мен курсты бастадым, 21 күн ас қабылдау аралығында күніне үш рет 2 таблеткадан қабылдаймын. Осы уақыт ішінде менің ағзам уыттардан тазалануы тиіс, бұл міндетті түрде менің терім мен хал-жағдайыма әсерін тигізеді.

Бірінші әсер алуымды айтайын: таблеткалар тәтті, кейбір гель-сорбенттер тәрізді жағымсыз-дәмсіз емес, бәрілеріңіз де оларды жуылмаған жемістерден кейін қасықтап жеп көрген шығарсыздар. Ас қорытуға Лактофильтрум ешқандай әсерін тигізген жоқ. Бір қорабын үйде әрі бір қорабын жұмыс үстелінде ұстаймын - кейде жұмыста кешке дейін отырып қаламын, сонда кешкі "дозаны" кеңседе қабылдаймын. Бетімдегі бөртпелер өте тез жазылып келеді, үш күн ішінде түгелге жуығы кетті - және олармен ұзаққа қоштасуға дәмелімін!

КЕЙІН ҚАРАЙ