Атопиялық дерматит

Атопиялық дерматит (АД) — бұл созылмалы аралықта тұқым қуалаушылыққа бейімделген, бөртпе шығумен және терінің қышынуымен айқындалатын, терінің иммундық (қорғаныш) қызметінің төмендеуімен сипатталатын ауру түрі. Атопия, әртүрлі мәліметтер бойынша тұрғындардың 3-15% тіркелген. АтД таралуы балалар арасында 5-20%, үлкендер арасында — 2-10%, АтД ауруының ең үлкен көрсеткіштері урбанизацияланған (үлкен және өнеркәсіп қалаларында) өңірлерде анықталуда. Асқазан-ішек жолдары органдарының патологиясы, әсіресе атопиялық дерматитке шалдыққан 80-90% балаларда ішек дисбиозы анықталуда. Мамандар терідегі дисбиоздың айқындалу мен АтД клиникалық ауыртпалықтарының көріну дәрежелері арасында өзара байланыс бар екендігін анықтады.

Негізгі белгілері: қышу және терінің құрғауы, бөртуі. Бұл айқандалған белгілердің дәрежесін анықтау үшін — тесттен өту керек: бөртпе шығуы — қышыну - SCORAD шәкілі, жалпы жағдайы — өмір сүрі сапасының дерматологиялық индексі.

Кезеңдері

  • 1-кезеңде бетте, бөкседе, қол және аяқта бөртпе ошағы анықталады. Терідегі аурудың түрі толығымен күшті және азапты бөртпемен еріп жүреді;
  • 2-кезеңде терінің зақымданған ошағы бірте-бірте құрғақтанып, түлейді, қышуы азаяды;
  • егер жазылмаса, онда ауру 3-кезеңге — ұлғаю кезеңіне ауысады. Бұл кезеңде қолдың және аяқтың бүгілетін жерінде, мойын және төс терісінде өзінің симметриялығымен лихенделу (терінің қатқылдануы) ошағы пайда болады.
Емдеу

Ағзаға аллергендердің енетін негзгі жерлерінің бірі ішек сілемейі болып табылады. Сондықтан, ас қорытудың бұзылуы және дисбактериоз болғанда ішектің сілемейлі қабығын қорғау ағзаға аллергендердің көптеп енуі және сенсибилизациялаудың ұзақ және тұрақты қалыптасуына жағдай туғызады. Аллергиялық ауруларды кешенді емдеу ішек дисбактериозын түзетуді қосқанда, ол ағзаға аллергендердің енуінен және аурудың жағдайын нашарлатудан қорғауға көмектеседі.

Терінің міндетті күтімі

Теріні дұрыс күту АтД өршуінен сақтап қалуға көмектеседі және ремиссия кезеңін ұзартады. Құрғақ, сезімтал теріні күту үшін емдеу косметикасының арнайы құралдары әзірлеген.

Емдәм

АтД болғанда «элиминациондық емдәм» тағайындалады, онда аллерген болып табылатын тағамды рационнан алып тастайды. Мұны жасауға Сізге Сіздің дәрігеріңіз және тамақтану күнделігіңіз көмектеседі. АтД науқастанған адамның тағамына төмендегіні енгізеді:

  •  өсімдік немесе зәйтүн майы араласқан сүтсіз көкөністерден әзірленген ботқалар (қарақұмықтан, күріштен, сұлы жармасының, тарының, жүгерінің, ұнтақ тан басқалары);
  •  көкөністер (қырық қабат, картоп, кәді, самсар, шалқан);
  •  ет (сиыр, күркетауық, қоян, тұздалмаған доңыз);
  •  жеміс-жидектер (ашық түсті емес қышқыл-тәтті алмалар, қара өрік, алмұрт).
Жергілікті қабылданатын дәрілер

Дәрігер тағайындайтын сыртқа қолдануға арналған әртүрлі жақпа майлар, майлар, емдік дымқылдатулар мен сықпалар: топикалық глюкокортикостероидтар (ТГКС), кальциневрин топикалық баяулатқыштар (КТИ), бактерияға қарсы жабдықтар (АБ).

Жүйелі дәрі-дәрмектік жабдықтар

АД жүйелі емдеу асқынған жағдайда және анықталған белгілер бойынша - гистаминге қарсы жабдықтарды, жүйелі түрде глюкокортикоидтар, цитостатиктермен бактерияға қарсы ем қабылдауды көздейді.

АД көптеп таралған асқынулары бактериямен, вирустармен немесе зеңдермен қоздырылған терінің микробтық инфекциясы болып табылады. Патогендік микроағзалар арасында Staphylococcus aureus (алтын түстес стафилококк) бастапқы рөл атқарады (90%-дан көп жағдайда).

Тері инфекциясының алдын алу терінің құрғап қалуымен күресу, иммунитетті нығайту, ішек және тері аутомикрофлорасын қалпына келтіру арқылы терінің, сондай-ақ ағзаның қорғау қасиетін көтеру өте маңызды. ҚІЖ бұзылуларын емдеу бірдей жүргізіледі. Бұл терапияның табысты кепілі болып саналады және біріншіден, дерматологтың аурудың себебін түсіндіруіне көңіл аударыңыз.

Емдеу кезінде детоксикация (энтеросорбция) әдісін және ішектің пайдалы микрофлорасын дамытуда қалпына келтіретін және жағдай жасайтын әдістері міндетті түрде қосылады.

Энтеросорбция — ағзадан әртүрлі аллергендерді, уыттарды және патогенді бактериялар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерін шығаруға бағытталған уытсызданудың тиімді әдісі. Қазіргі сорбенттер, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бейнелейтін нақты талаптарына сәйкес болуы тиіс: жоғары сорбциондық шыны (сорбцияның тиімділігі), уыттану қасиеттердің және АІЖ сілемейлі қабағының зақымдануының жоқтығы, жақсы шығару мүмкіндігі, қолдануда ыңғайлы.

Бүгінде ең тиімді және қауіпсіз сорбенттердің бірі лигнин болып табылады— өнімдік талшықтар негізінде табиғи органикалық қосылуы. Ол адамның ас қорыту жүйесінде сіңірмейді және басқа сорбенттерден төмен молекулярлық (атомдардың мысалы газдар, ауыр металдар мен ішімдіктің аз санынан құралған), сондай-ақ жоғары молекулярлық («ірілері» атомның көп санынан құралған, мысалы токсиндер, бактериялар) байланысты бірдей жақсы біріктіреді және шығаратынымен ерекшеленеді. Сондықтан оны тағы әмбебап сорбенттер немесе әртүрлі улануда немесе уыттануларда жедел жәрдем деп аталады.

Лактофильтрумның құрамындағы Лигнин:

  • Әлемдік стандарттың сапасына сәйкес ағаштың қылқанжапырақты тұқымынан дайындалады.
  • Белсендірілген көмірден тиімділігі 2500 есе*. (*сорбции Е.coli бойынша)
  • АІЖ сілемейлі қабығына зақым келтірмейді
  • Ұзақ емдеу курсына ұсыныс жасалуы мүмкін

Лигнинде, сонымен қатар иммунотроптық, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әрекеттердің барын ғылыми зерттеулер көрсетіп отыр.

Энтеросорбент (лигнин) ағзаны уыттардан, аллергендерден тазартады. Келесі кезеңде микрофлораның теңгерімін қалпына келтіру қажет. Мұнда пребиотиктер (адамның ішектің пайдалы микрофлорасында ферменттелетін тағам құрамдастары) көмектеседі. Олар ағзаның меншіктегі нормофлорасы үшін керемет қоректік орта болып қызмет етеді және ұзақ әсерді қамтамасыз етеді, «өзінің» пайдалы бактериясын дамытуға және тез өсуіне жағдай жасайды. Ең танымал және мойындалған пребиотик жартылай синтетикалық дисахарид лактулозасы болып табылады. Лактулоза 50 жылдан бері бифидо- және лактобактерияның өсуіне себепші болу үшін медицинада қолданады.

Сорбенттерді пайдалану арқылы аллергендік және токсиндік жүктемені төмендету, терапия кешенінде пребиотиктерді пайдалану арқылы ішек микрофлорасын және тері балансын қалпына келтіру, аурудың ремиссияға жетуіне көмектеседі және тері қасиетін қорғайтын иммунитетті нығайту есебінен асқынудың алдын алу.

Сорбент пен пребиотиктен құралған инновациялық құрамдастырылған препарат жақсы таңдау болып табылады. Лактофильтрум® үлкендер мен балалардағы тері аллергопатологиясын кешенді емдеуде пайдалануға ұсынылуы мүмкін. Препарат таблетка және саше-қалташықтар түрінде шығарылады.

Лактофильтрум®

Аллергодерматоз (атопикалық дерматит, есекжем) болған жағдайда кешенді емдеу қолданылады:

Таблеткалардың мөлшерлемесі:

  • 1 – 3 жасқа дейін, жарты таблеткадан күніне 3 рет;
  • 3 – 7 жасқа дейін, 1 таблеткадан күніне 3 рет;
  • 7 – 12 жасқа дейін, 1-2 таблеткадан күніне 3 рет;
  • 12 жастан жоғары, 2 таблеткадан күніне 3 рет.
Саше-қалташықтардың мөлшерлемесі:
  • 1 – 3 жасқа дейін, күніне 3 рет қалташықтың 1/2;
  • 3 – 7 жасқа дейін, күніне 2 рет 1 саше-қалташықтан;
  • 7 – 11 жасқа дейін, күніне 3 рет 1 саше-қалташықтан;
  • 11 жастан асқан, күніне 3 рет 1 саше-қалташықтан.
Саше-қалташықтың ішіндегісін 50-100 мл жылы сумен араластырып, гомогендік суспензия болғанға дейін ерітеді. Лактофильтрум®  тамаққа дейін 1 сағат және тамақтан кейін 1,5 сағат өткеннен кейін қабылдау ұсынылған. Емдеу курсының ұзақтығы хал-жағдайының ауырлығына қарай 10-14 күнге дейін жалғасады. (Пайдалану нұсқаулығын қараңыз).

Лактофильтрум® атопиялық дерматитіне себеп болады:

  • токсиндер мен аллергендердің сорбциялары;
  • ішек микрофлорасы балансын қалпына келтіру жолдарымен иммунитетті нығайту;
  • терінің аутомикрофлорасын жүйелеу арқылы жұқпалы асқынулардың алдын алу.