Сіз бүгін қанша Е-қоспасын жедіңіз?

3195

Тағам индустриясында 14000-ға жуық консерванттар, тұрақтандырғыштар, бояғыштардың пайдаланылатыны белгілі. Олардың әрқайсысы өнімнің дәмін, иісін, түсін және сақтау мерзімін жақсарта отырып, оған әдемілік береді. Сүйкімді, бірақ денсаулыққа пайдалы емес. Жинақталған қоспалар аллергия, демікпе, диабет, обыр, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуы сияқты ең ауыр сырқаттарға айналуы мүмкін. Сондықтан өнімді сатып алған кезде, оның қаптамасын мұқият зерттеп, оның құрамындағы аса қауіпті химиялық құрамдастарға ерекше назар аударған жақсы.

Аса қауіпті қоспалар

Жасанды бояғыштар

Е-102 — сары синтетикалық бояғыш. Өз табиғатында тас көмір қарамайы болып табылады және өнеркәсіп қалдықтарына жатқызылады. Балмұздаққа, желеге, езбелерге, сорпаларға, йогурттарға, қышаға және барлық сары түсті газды сусындарға, кәмпиттерге, торттарға қолданылады. Сондай-ақ, Е-102 бояғышын, көбінесе, консервіленген көкөністер мен жемістерден кездестіруге болады.

Е-123 анионды бояғыш болып табылады. Табиғи және синтетикалық маталарды, терілерді, қағаздарды және фенолформальдегидті шайырларды бояу үшін қолданылады. Ұрықтың даму ақауларын тудырады, канцерогенді қасиеттері бар.

Е-127 — көгілдір-қызғылт немесе қызыл бояғыш. Құрғақ мәнердәмдерде, қантталған шиелерде, бисквиттерде, сосискаларға арналған қабықтарда, сондай-ақ жеміс-жидек өнімдерін бояу үшін қолданылуы мүмкін. Демікпені, әсіребелсенділікті күшейтеді, бауырға, жүрекке, қалқанша безге, асқазанға, ұрпақты болу функциясына зиянды ықпалын тигізуі мүмкін, канцерогенді әсерге ие.

Консерванттар

Е-210, Е-211 әдетте тұздықтарға, пасталарға, кетчуптерге, сорпаларға, езбелерге, желеге, мармеладтарға, ет және балық өнімдеріне, алкогольді және алкогольсіз сусындарға , консервіленген көкөністер мен жемістерге қосады. Аллергиялық реакциялар туғызады.

Е-250 — натрий нитриті, ысталған өнімдер мен шұжықтарға тән ақшыл-қызғылт түс беру үшін пайдаланылады. Бұл консервант ішек обырын туғызады.

Тұрақтандырғыштар

Е422 — глицерин, ығалды реттегіш. Кондитерлік бұйымдарда қолданылады. Глицерин ағзаны сусыздандырады. Сондықтан оны бүйрек және жүрек-тамыр жүйесі ауыратын адамдарға пайдаланбауды ұсынамыз.

Е492 — эмульгатор, тұрақтандырғыш, қоюландырғыш. Оны шоколадқа, әйнекейлерге, кекстердің шала фабрикаттарына қолданады. Мөлшерден артық немесе тұрақты пайдаланған жағдайда бауырдың ұлғаюына, бөлікше ішіндегі фиброзға, бойдың өсуін тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Дәмдеуіш қоспалар

Е621 —натрий глутаматы дәм мен иісті күшейтеді. Сапасыз шикізатты бүркемелеу үшін қолданылуы мүмкін. Қысымның көтерілуін, жүрек және бүйрек жұмыстарының бұзылуын тудырады, ағзадағы кальцийді шығарады.

Ағзаны токсиндерден қалай тазартуға болады?

Жинақталған тағамдық қоспалар зат алмасу үдерісі мен қан айналымын бұза отырып, жасушалардың бітелуіне әкелетін қождар мен токсиндерге айналады. Нейтрализовать Е-қоспаларды бейтараптандырып, ағзадағы қождарды шығаруға Лактофильтрум® құрамындағы лигнин табиғи сорбенті көмектеседі. Ол уытты заттарды, ауыр металл тұздарын, алкогольді және бактерияларды байланыстырып, ағзадан шығарады. Лигниннің арқасында, Лактофильтрум® бауыр мен бүйректің қызметі бұзылған жағдайда, бұл органдардың тазаруына жағдай жасайды, аллергиялық реакциялардың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді. Препараттың екінші компоненті— лактулоза. Бұл жеке пайдалы микрофлора теңгерімінің қалыпқа келуіне және иммунитетті нығайтуға көмектесетін пребиотик. Лактулозаның арқасындаішқатудан қорықпай-ақ, препаратты 3-4 апта қабылдауға болады. Лактофильтрум® кешенді әсері ағзаны тазартуға, асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартуға, сондай-ақ ағзаның қорғаныш күштерін күшейтуге көмектеседі.

Лактофильтрум® ерекшелігі неде:

  • ағзадан уыттарды шығарады және тазартады;
  • ішек микрофлорасы мен терінің теңгерімділігін қалыпқа келтіреді.

Дереккөз:
prodobavki.com, samlib.ru/g/gladishin_a_a/food_additives.shtml

КЕЙІН ҚАРАЙ