Лактофильтрум терінің бактерицидтік функциясын көтеру факторы ретінде

3502

Микрофлораның қалыпты жағдайда болуы ағза саулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қалыпты флора құрамының сандық және түр өзгерістері аурудың дамуына да, сондай-ақ субклиникалық тұрғыда өтетін аурулардың манифестациясына да ұласуы мүмкін. Материал тері микробиоценозының негізгі шартты-патогендік өкілдерінің бірі ретінде стафилококктар құрамының тағам талшықтары (гидролизді лигнин) мен пребиотиктің (лактулозаның) қосымша көзі болып табылатын Лактофильтрум отандық дәрілік препаратының ықпалын бағалауға арналған.

Теріні мекендейтін микробтардың көбеюі сыртқы ортамен барынша байланысуына қарай тұрақты өзгеру жағдайында болғанымен, микроорганизмдердің көбеюі А және G сыныпты иммуноглобулиндер, трансферрин, лизоцим, органикалық қышқылдар және өзге де микробқа қарсы заттар, сондай-ақ рН төмен деңгейі және терінің төмен температурасы сияқты ағзаның табиғи резистенттілігінің факторларымен шектеледі.

Терінің тән емес резистенттілігін бағалау үшін стафилококктардың иммундық жабысу реакциясы сәтті қолданылып келеді. Оның өзгеруі иммуноглобулин және қан сарысуы комплементі сияқты резистенттіліктің маңызды компоненттерінің деңгейі мен өзара іс-әрекетін көрсетуі мүмкін. алады. Ағзаның табиғи резистенттілігінің жағдайын бағалауға қалыпты флора өкілдерінің сандық құрамын анықтау да маңызды үлесін қосады, себебі, терінің бактерицидтік функциясының төмендеуі терінің аутомикрофлорасы (АМФК) деңгейінің көтерілуіне ұласады. Терінің қалыпты флорасының бұзылуы, көбінесе, бақылаумен салыстырғанда, коагулазонегативтік стафилококктар пролиферциясының шамадан артық болуынан көрінеді. Бұл ретте, бұрын псориазбен ауырғандарды зерттеу кезінде кератиноциттердің күшейген полиферациясына әкелетін цитокиндік реакциялардың каскадын іске қоса отырып, стафилококктардың ( адамның папиллома вирустарымен (АПВ) зақымдану ошақтарында анықталғандарымен қатар) резиденттік иммунды компетенттік жасушаларды ынталандыратын суперантигендер ретінде шығуы мүмкін екендігі анықталғанын атап өту қажет.

Осылайша, стафилококктартері микробиоценозының негізгі шартты-патогендік өкілдерінің бірі болып табылады және олардың құрамын анықтау ағзаның табиғи резистенттілігін бағалауда маңызды рөл атқарады.

Келтірілген деректер терінің АМФК уақтылы түзетілуінің мақсатқа сай екендігіне куә болады, оның тәсілдері одан әрі оңтайландыруды талап етеді және ағзаның табиғи резистенттілігі бұзылуларының бастапқы және қайталама алдын алуы үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте терінің бұзылуын түзетудің ұсынылған әдісінің оңтайлылығы терінің микробтық көбеюін сипаттайтын көрсеткіштерді есепке ала отырып бағалануы мүмкін.

Лактофильтрум басқа энтеросорбенттерге қарағанда елеулі артықшылықтары бар – мөлшерлемесі қиын және оның белгілі бір дәмі мен иісін жоятын гель немесе ұнтақ емес таблетка түрінде ұсынылған, әрі жақсы сіңіріледі.

Мәселен, Л.Д. Калюжная мен тең авторлардың деректері бойынша ауырлық дәрежесі орташа атопиялық дерматитпен 26 баланы (6-дан 18-ге дейін) моноемдеуде Лактофильтрумды қолдану 3 жасқа дейін ½ табл. күніне 3 мәрте; 3-тен 12 жасқа дейін күніне 1 табл. 3 мәрте; 12-ден 18 жасқа дейін астан 1-1,5 сағат бұрын күніне 2 табл. З мәрте ішкенде; 10-14 күндік курсқа) (24-тен 62 бірлкке дейін SCORAD индексі) қабылдаудың 2-күніне қарай диспептикалық құбылыстардың жойылуына және дәреттің қалыпқа келуіне, ал 10-14 күнге қарай патологиялық процестің субъективтік сезінулер айтарлықтай азайып жеңіл өту кезеңіне әкелді, оған қоса Лактофильтрумды пайдаланған кезде жанама құбылыстар байқалмаған.

Біз жүргізген зерттеуде 25-тен 27 жасқа дейінгі 30 әйел (орташа алғанда 25,6 жас) және бақылау тобындағы 30 әйел (осы емдеуді алмаған сол жастағы сау донорлар) тексеруге алынды.

Зерттеу материалы сау терінің қырындылары болды. Материал алу біржолғы скарификаторлармен жүргізілді. Стафилакокктың репрезентативтік өкілдерінің сандық бағалауын ауданы 10 см2 біржолғы стерильді пластикалық ұсақ табақшалар – «Бактотесттерді» пайдаланып, агарлы таңбалар әдісімен жүргізілді.

Тексерілген әйелдер тобында көрінісіне қарағанда сау терінің бөліктерінен таңбалар түсірілді. Бақылау тобынан таңбалар оң білектің биотопынан алынды. Таңбаларды себу 10% қанды агарға және Baio Merieyx фирмасының Columbia ортасына жүргізілді. Жабыстыру уақыты 40 сек. құрады. Себінділер 48 сағат бойына 37Со термостатта инкубацияланды. Өсіп шыққан колониялар есептеліп, Грамм бойынша боялды. Стафилакокктардың таза өсіріндісін бірдейлендіру үшін сарыуызды-тұзды агарда өндірілетін лецитовителаздарды ескере отырып, плазмокоагулаздарды анықтау тесті пайдаланылды.

Айқын білінген колониялар саны (теріге ұрық себілуі дәрежесі) бойынша тексерілетін және бақылау топтары терісінің аутомиклофлорасының деңгейі анықталды. Бұл тұрғыда 4 топ бөлініп шығарылды: бірінші – АМФК деігейі қалыпты (20 КОЕ/таңбаға дейін); екінші – деңгейін арттыра отырып (21-100 КОЕ/таңба); үшінші – жоғары деңгей (100 КОЕ/таңбадан астам; төртінші – АМФК деңгейі өте жоғары (жаппай өсу). Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі топтағы 9 әйелге (27%) және бақылау тобындағы 8 (26,6%) әйелге Лактофильтрумды қолданғанға дейін АМФК асыңқы деңгейі байқалғаны анықталды, бұл оларда табиғи резистенттіліктің және терінің компенсаторлық мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендегенін дәлелдейді.

Негізгі топтағы 9 әйелдің (р < 0,05) 7-уінде (77,7%) Лактофильтрумды ішкеннен кейін (күніне 3 мәрте астан 1-,5 сағат бұрын 2 таб.) 30 күн бойына Лактофильтрумды ішкеннен кейін сау терінің аутомикрофлорасының түзетілгенін (3,8 есе ) көрсететін Staphylococcus aureus колония құраушы бірліктерінің саны қалыпқа түскен. Негізгі топтағы 2 (22,3%) әйелде ғана АМФК деңгейі көтеріңкі болып қалан, бұл осы көрсеткіш емделгенге дейін (р < 0,05) артқан әйелдер санынан сенімді түрде ерекшеленген. Препаратты алмаған әйелдердің бақылау тобында АМФК деңгейі бір айдан кейін статистикалық тұрғыда өзгермеген және бір ай бұрын болғандай 8 (26,6%) әйелде Staph. aureus колония құраушы бірліктер азайғаны байқалған. Лактофильтрумды қабылдағаннан кейін АМФК деңгейі көтеріңкі негізгі топтағы әйелдер саны арасындағы айырмашылықтар – 2 (6,6%) және бақылау тобындағы – 8 (26,6%) айтарлықтай болған (р < 0,05) негізгі топтағы әйелдер арасында Лактофильтрум емдеу курсын алғанға дейін – 9 (27%) және емделгеннен кейін 2 (6,6%) (р < 0,05) секілді.

Алынған деректер Лактофильтрумды ішкеннен кейін сау терінің аутомикрофлорасының түзетілгенін (3,8 есе ) көрсететін Staphylococcus aureus колония құраушы бірліктерінің саны қалыпқа түскенін растайды.

КЕЙІН ҚАРАЙ