Таблеткадағы әсемдік

4764

Теріміздің әсемдігі мен саулығы – өмірге жалпы қанағаттанғандыққа бастайтын факторлардың бірі. Біз өзіміздің сырт келбетімізге риза болмағанда, іс жүрмесе, ауа-райы қуандырмаса, ал жеке өмір әлі де жақсартуды қажет етеді. Бірақ сіз таңқаларлық фактімен ұшырасып көрдіңіз бе – тері қарқынды күтім (барлық мүмкін болған кремдерді, маскаларды, косметологқа бару) алғанмен оның күйі нашарлай береді? Терінің күйінің нашарлауы дерматолог ғалымдардың пікірінше, ең алдымен ішек қызметінің бұзылуымен және онда ағзада түзілген, сондай-ақ сыртқы ортадан түсетін табиғи уытты қождардың қордалануымен байланысты.

Теріге неліктен жаман?

Біздің өмірімізде бар теріс факторлардың бәрі денсаулық пен әдемілікке әсер етеді. Олардың бір бөлігі біздің өзімізге қатысты (алкоголь, никотин, тазартылған, сублимирленген және синтетикалық өнімдер, медициналық препараттар және т.т.), ал бір бөлігі – тіптен байланысты емес (экология, күйзелістер және т.т.). Бірақ әркім асқазан-ішек жолының қалыпты микрофлорасының опат болуына, шартты-патогенді флораның өсуін ынталандырып, асқазан-ішек жолының, ал ол арқылы терінің күйіне мүлдем теріс әсер етеміз.

Асқазан-ішек жолының қалыпты қызметін, ал терінің табиғи сау күйін қайта қалпына келтіру үшін не істеуге болады? Абзалында, бұл үшін 2 препарат қажет болады: өзіне бос әрі уытты заттарды сіңіретін сорбент, және қалыпты микрофлораның өсуіне және дамуына жәрдемдесетін пребиотик. Алайда ресейлік нарықта құрамында бір мезгілде пробиотик те, сорбент те бар препарат бұрыннан бері бар, ол Лактофильтрум.

Бетке арналған дәрі

Лактофильтрум – пребиотиктен (лактулозадан) және сорбенттен (лигниннен) тұратын қос құрамдасты бірегей препарат. Гидролизді лигнин – отын құрамдастары гидролизі өнімдерінен құралған табиғи энтеросорбент, жоғары сіңіру белсенділігіне және тән емес уытсыздандырғыш әсерге ие. Лигнин ішекте ауру туғызатын бактериялар мен бактериалдық уыттарды, дәрі-дәрмек препараттарын, ауыр металлдар тұздарын, алкогольді, аллергендерді, сондай-ақ эндогенді токсикоздың дамуына жауапты кейбір алмасу заттарының артықтарын байлап, ағзадан шығарады.

Лигнин мүлдем уытты емес, сіңірілмейді, 24 сағаттың ішінде ішектен толықтай шығарылады. Лактофильтрумның екінші құрамдасы – лактулоза, – синтетикалық дисахарид, оның молекуласы галактозы мен фруктозаның қалдықтарынан құралады. Лактулоза, кез келген пребиотик сияқты, асқазанда және ішектің жоғарғы бөліктерінде сіңірілмейді және гидролизденбейді. Таблеткадан босаған тоқ ішектегі лактулоза субстрат ретінде бифидобактеричлардың және лактобациллдердің өсуін ынталандыра отырып, ішектің қалыпты микрофлорасымен ферменттеледі.

Одан бөлек, лактулозаның ферменттелуі нәтижесінде тоқ ішектегі рН ортаны қышқыл жағына қарай ығыстыратын органикалық қышқылдар (сүт, сірке және құмырсқа) түзіледі. Қышқыл ортаның ауру туғызатын микроорганизмдердің өсуін басатыны мәлім. Одан бөлек, лактулоза тоқ ішектегі бос және уытты заттардың тоқырауын болдырмай отырып, ішектің жиырылуын ынталандырады. Лактофильтрум құрамындағы екі құрамдас өзінің бірегей сапасын жоғалтпай асқазан-ішек жолының жоғары бөлімдерін арқылы өтіп, жемір ортаға бейактивтеле отырып, қажет жерінде – тоқ ішекте толығымен ашып көрсетіледі.

Зерттеулер

М.Ф. Владимирский атындағы Мэскеулік облыстық клиникалық ғылыми зерттеу институты дерматовенерология және дерматоонкология бөлімшесінде, И.М. Сеченов атындағы ФППОВ ММА (Мәскеу медициналық академиясы) тері және мерез аурулары кафедрасында және иммунология кафедрасында Лактофильтрумды қабылдаудың 25-тен 27 жасқа дейінгі (орта есеппен 25,6 жас) 30 әйелдің терісінің күйіне әсеріне бірегей зерттеу және аталған препаратты қабылдамаған әйелдердің бақылау тобымен алынған нәтижелерді салыстыру жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша Лактофильтрумды қолданғанға дейін негізгі топтағы 9 (27%) және бақылау тобындағы 8 (26,6%) әйелде терінің аутомикрофлорасының бұзылыстары анықталған болатын, бұл оларда терінің табиғи резистенттілігінің және компенсаторлық мүмкіндіктерінің төмендегенін айғақтайды. Лактофильтрумды 30 күн қабылдағаннан кейін тәжірибе қайталанды: негізгі топтағы әйелдердің 77,7% -нда колония құраушы Staphylococcus aureus саны қалыпқа түскен. Бақылау тобында өзгерістер болмаған.Осылайша, қос әсерге (бір жағынан, ішекті алмасу өнімдері мен уытты заттардан тазартатын тиімді әрі жұмсақ сорбент ретінде, ал екінші жағынан тоқ ішектің зақымдалған табиғи микрофлорасына қалпына келуіне көмектесетін пребиотик ретінде әрекет етеді) ие бола отырып, Лактофильтрум тек ішектің ғана емес, сондай-ақ теріңіздің күйінің қалпына келуі үшін өте тиімді препарат болып табылады. Оның тиімділігі атопиялық дерматит секілді терінің маңызды ауруы кезінде де дәлелденген. Мәселен, Л.Д. Калюжная мен тең авторлардың деректері бойынша Лактофильтрумды ауырлық дәрежесі орташа атопиялық дерматитке (SCORAD индексі 24-тен 62 бірлікке дейін) қолдану қабылдаудың екінші күніне қарай – диспептикалық құбылыстардың жойылуына, және дәреттің қалпына келуіне, ал емдеудің 10–14 күніне қарай – патологиялық процестің субъективтік сезінулер айтарлықтай азайып жеңіл өту кезеңіне әкелді.

Бұл қолайлы

Лактофильтрумды қолдану да өте оңай – ол мөлшерлемесі қиын және оның белгілі бір дәмі мен иісін жоятын гель немесе ұнтақ емес таблетка түрінде ұсынылған, әрі жақсы сіңіріледі. Таблеткалар түріндегі Лактофильтрум ас қабылдау арасында күніне 3 мәрте, 7-12 жастағы балалар 1-2 таблеткадан, 12 жастан асқан және ересектер ас кезінде 2-3 таблеткадан ішеді. Аурудың ауырлығына қарай тәуліктік мөлшерлеме ұлғайтылуы мүмкін. Препараттың қабылдаудың орташа ұзақтығы – 14 күн.

КЕЙІН ҚАРАЙ