Дисбактериоз

4896

Адамның ішек қабырғасы мен өзге де сілемейлі қабықшаларын, терісін шұлық түрінде жауып тұратын тағы бір орган ағзаның микрофлорасы туралы ой қозғайды. Көзге көрінбейтін бұл органның шамамен екі килограмм салмағы бар және микроорганизм жасушаларының шамамен 1014 жасушасын (жүз биллион) құрайды. Бұл сан қожайын-ағзаның, яғни адамның өз жасушаларының санынан он есе асып түседі.

Адамның барлық экологиялық қуысына орналасқан қалыпты микрофлора иммундық жүйенің басты және алғашқы қорғаныш тосқауылы болып табылады. Барлық микрофлораның 60%-ы – неғұрлым басым бөлігі тоқ ішекке 15%-ы – жоғарғы тыныс жолдарына, 20%-ы – теріге «орналасқан». Ішекте әр түрлі бактериялардың 400-ден астам түрі тіршілік етеді.

Пайдалы бактериялар бірқатар маңызды функицяларды атқарады:

Қорғаныш функциясы — қалыпты микрофлора асқазаш-ішек жолдарына (ол ашық жүйе болып табылатындықтан) үнемі түсіп отыратын (тамақпен және сумен) бөгде микрофлораны жойып отырады).

Ферментативтік— ақуыздар мен көміртектердің қорытылуына көмектеседі.

Дәрумендерді синтездеу —В тобының барлық дәрумендерін синтездеуге ат салысады.

Микроэлементтер алмасуына қатысу —Кальций, темір және D дәруменінің сіңуіне көмектеседі.

Уытсыздандыру — уытты заттарды залалсыздандырады.

Иммунитетті ынталандыру — ішек адамның имундық жүйесінің ең үлкен органы болып табылады.

Қалыпты микрофлораның көп функционалдылығы оның құрамының сақталуын анықтайды.

Қалыпты флораның құрамына: климаттық-географиялық және экологиялық жағдайлар (радиациялық, химиялық, кәсіптік, санитарлық-гигиеналық және т.б.), тамақтанудың сипаты мен сапасы, есеңгіреулер, гиподинамия, иммунитеттің түрлі бұзылулары, сондай-ақ бактерияға қарсы дәрі-дәрмектерді, химиялық емдеуді, гормоналдық препараттарды қолдану етеді. Ішек микрофлорасының құрамы асқазан-ішек жолының әр түрлі аурулары кезінде (жұқпалы, табиғи жұқпалы емес ретінде) бұзылады.

Бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен ішектің (әдетте бір немесе екі түрінің) қалыпты микрофлорасының төмендеуі туындайды. Одан кейін пайда болған «экоқуысқа» бөгде (шартты патогендік) микрофлораның өкілдері: стафилококктар, клебсиеллалар, протеялар, псевдомонадтар, ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар және басқалар орналасады. Осының бәрі иммунитеттің әлсіреуіне және ішектегі «пайдалы» және «зиянды» бактериялар арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеліп соғады.

Дисбактериозадамның микроэкологиясының бұзылуы.

Бұл - әр адамның бойында әр түрлі көрініс беретін синдром. Біреулерде —аллергиялық реакциялар түрінде, екінші біреулерде — асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуымен (іштің ауыруы және бүруі, үлкен дәреттің тұрақсыздануы, ішқату және диарея), тағы біреулерде — тұмау аурулары түрінде кездеседі. Алайда ең басты мәселе —көптеген созылмалы аурулардың ушығуына әкелетін ішек қабырғасы қорғаныс рөлінің әлсіреуі және барлық ағзадағы уланудың дамуы.

Дисбактериозбен қалай күресуге болады?

Біріншіден, сізге шамамен төмендегідей емдеу сұлбасын тағайындайтын дәрігерге қаралыңыз:

Ішек антисептиктері, кейде тіпті антибиотиктер

Энтеросорбенттер

Пребиотиктер

Пробиотиктер

Диетотератия

Лактофильтрум® - дисбактериозды түзетуге арналған инновациялық құрамдағы препарат.

Лигнин сорбентінің және Лактулоза пребиотигінің қосарлы әсерінің арқасында дисбактериоздың клиникалық белгілерінің тез жойылу үдерісі жүреді.

Лактофильтрум қалай әсер етеді

КЕЙІН ҚАРАЙ