Аллергия

2217

Аллергия — қазіргі әлемде кеңінен тараған аурулардың бірі. Бұл, шынымен де, XXI ғасырдың ауруы. Экологиялық жағдайдың нашарлауы, оңтайлы тамақтанбау, артық дәрілік терапия, антибиотиктердің бақылаусыз пайдаланылуы, есеңгіреу жүктемелері, өмірдегі қозғалысы аз сипаттар, климаттағы өзгерістер — осы факторлардың барлығы ағзаның аллергендер ықпалына бейімділігін көтереді.

Аллергия дегеніміз не?

Аллергия дегеніміз— белгілі бір аллергендердің ықпалына ағза реакциясының өзгерген аса сезімталдығы. Бұлбіздің иммундық жүйеміздің толығымен зиянсыз заттардан өте қатты тітіркенетінін және ағзаға зиян келмейтін аллергендерден шамадан тыс қорғана бастайтынын білдіреді. Көбінесе, барлық аллергенді реакциялар өте тез көрініс береді және соңы өкінішті жағдайларға ұшырататын дененің қышуымен, терінің қызаруына, ісінулерге, соның ішінде тыныс жолданының асқынуына ұласады.

Аллерген нелер болуы мүмкін?

Аллерген ретінде бәрі әсер етуі мүмкін: күн, мысық, өсімдіктердің тозаңдануы, сүйікті тағамның, үйдің шаңдауы, салқын, косметика, дәрі-дәрмек. Бұл тізімді аяғына дейін соза беруге болады. Аллергияның дамуы тәуекелдігінің маңызды факторы тұқым қуалаушылық болып табылады. Егер ата-ананың біреуі аллергиямен ауыратын болса, онда бала аллергиясының даму сенімділігі 30-40% дейін жетеді. Егер ата-ананың екеуі ді осы сырқатпен ауыратын болса, тәуекелдік 70-75% құрайды.

Аллергия түрлері

Атопиялық дерматит

Бұл созылмалы қайталама бағытпен, қышуы арқылы сипатталатын, терінің созылмалы қабыну ауруы.

Аллергиялық ринит

Бұл ауруға мұрыннан судың бөлінуі, мұрын тынысының ауырлауы, түшкіру, мұрын айналасының қышуы, иіс сезу қабілетінің төмендеуі тән.

Аллергиялық конъюнктивит

Негізгі белгілері: көз айналасының қышуы, көзде «құмның» тұрғанын сезіну, жас ағу, жарықтан тітіркену, көздің буылдауы, қастың қызаруы және ісінуі.

Поллиноз

Бұл атау «pollen» — тозаңлатын сөзінен алынған, себебі бұл ауру өсімдіктердің тозаңдануынан туындайды. Бір кездері бұл аурудың даму себебі пішен деп танығандықтан, оны пішен безгегі деп те атаған.

Есекжем

Терінің қышуымен ұласатын қалақайға күйгеннен кейін пайда болатын бөртпелерге ұқсас әр түрлі мөлшердегі күлдіреулердің теріде пайда болуы.

Тағам аллергиясы

Басқа біреулерге кері әсерін тигізбейтін, тағам өнімдерінің бегілі бір түрлерін пайдаланғаннан кейін туындайды.

Атопиялық дерматит (АтД)

Атопиялық дерматит (АтД) —созылмалы бағыттағы, тұқым қуалайтын, бөртпелермен және терінің айқын қышуымен, терінің иммундық (қорғаныш) функцияларының төмендеуімен сипатталатын сырқат. Атопиямен, әр түрлі деректер бойынша, халықтың 3-15% тіркелген. АтД балалар арасында тарауы 5-20%, ересектер арасында — 2-10% құрайды, АтД сырқаттанудың ең жоғары Тәуекелдік факторларының бірі асқазан-ішек жолы органдарының патологиясы, әсіресе, атопиялық дерматитпен ауыратын балалардың 80–90%-да көрінетін ішек дисбиозы болып табылады. Мамандар дисбиоз көрінісінің дәрежесі мен терідегі АтД клиникалық көріністерінің ауырлығының арасында өзара байланыс бар екенін анықтады.

Басты белгілері: терінің қышуы және құрғауы, бөртпелер.

Бұл белгілердің көріну дәрежесін анықтау:

Атопиялық дерматиттің өту сатылары

  • 1-сатыда бетте, жамбаста, аяқ-қолдарда бөрту ошақтары пайда болады. Барлық тері үдерісі күшті және азапты қышымаға ұласады.
  • 2-сатыда жарақаттану ошағындағы тері құрғай бастайды, айқын қабыршақтану орын алып, қышуы азаяды.
  • Егер сауығуға бет бұрмаса, ауру үлкендер кезеңіне – 3-сатыға көшеді. Бұл кезеңде аяқ-қолдардың буын бөліктерінде, мойын және кеуде терілерінде өзінің симметриялылығымен ерекшеленетін лихенфикациялану ошағы (терінің қатаюы) пайда болады.

Балада аллергияның даму ықтималдылығы

Аллергияның дамуына арналған тәуекелдіктің маңызды факторы тұқым қуалаушылық болып табылады. Егер ата-ананың біреуі аллергиямен ауыратын болса, онда балада аллергияның дамуы ықтималдылығы 30-40% дейін жетеді. Егер ата-ананың екеуі де осы сырқатпен ауыратын болса, тәуекелдік 70-75% құрайды.

КЕЙІН ҚАРАЙ