Улы заттарды шығаруға арналған Лактофильтрум

39

Күн сайын біздің ағзамызға көптеген улы заттар түседі, олар жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Асқазан-ішек жолы мен оның көмекшілері улы заттармен өз бетінше күреседі, бірақ кей жағдайларда күресуге шамасы жетпейді. Адамға күнделікті өмірде әсер ететін кең таралған улы заттар:

•             Патологиялық бактериялардың тіршілік ету өнімдері;

•             Азық-түліктердің сапасы компоненттері (консерванттар, химиялық қоспалар);

•             Алкогольдік заттар;

•             Дәрілік заттар (әсіресе, емдеуге қажеттіден артық мөлшерде);

•             Ауыр металлдардың тұздары (химиялық заттардан улану).

Ағзаның улануы — тез емдеуді қажет ететін ауыр ахуал. Ол ас қорыту процесінің бұзылу салдары әр түрлі болуымен білінеді: жүрек айну, лоқсу, диарея, олар зиянды заттардың артығынан құтылуға көмектеседі. Сонымен қатар удың зақымдауы басқа жүйелердің проблемаларын туғызады, әсіресе тері зиян шегеді (әр түрлі генез бен түрдегі бөріткендер пайда болады). Бұл ахуалдан ағза өз бетінше арылуы мүмкін, бірақ ол өте ұзаққа созылып, салдары қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан емдеуді бірден бастап кету керек.

Улы заттарды шығаратын ең жақсы тәсіл

Улы заттармен күресу оларды ағзадан тез шығаруға көмектесетін бірқатар шаралар болып табылады. Сонымен бірге заттарды жоятын арнайы заттарды да қолдануға болады, бірақ ондай тәсіл әрдайым қолжетімді бола бермейді. Улы заттардан өз бетінше арылуға улы компоненттерді байланыстырып, оларды ағзадан шығаратын заттар көмектеседі. Ондай дәрілік көмекшілерге Лактофильтрум кіреді, оны барлық улану синдромдарында қолдануға болады.

Препараттың әсер ету қағидасы жоғарыда аталған барлық улы заттарды өзіне қарай тартып, оларды ішек арқылы сыртқа шығаруға негізделген. Оған қоса дәрі құрамында иммундық модулятор деген қосымша компонент бар. Ол улы заттардың салдарынан әрдайым зиян шегетін ішектің қалыпты микрофлорасының қалпына келуіне көмектеседі. Препарат астан улану немесе ішек инфекцияларында ерекше тиімді, себебі ол улы заттармен қоса, патогендік бактерияларға да әсер етеді.

Емдеу нәтижесі курс басталғанда бірден байқалады. Өмір сапасы артып, барлық сыртқы улану әсерлері жоғалады. Ішек пен бауыр дұрыс жұмыс істеп, улы заттардың өте аз мөлшерінен де біртіндеп арыла бастайды. Бөріткен жоғалып, қышу басылады, жалпы ахуал жақсарады. Бұл жағдайда сау ішек — әдемі тері кепілі қанатты сөзі толық іске асады.

Маңызды ақпарат: Қолданар алдына нұсқаулықты оқып шығыңыз немесе емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ

ТЕРІНІҢ САУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ

КЕЙІН ҚАРАЙ