Лактофильтрумды қалай қабылдау керек?

76

Бірқатар энтеросорбент заттары кез келген жаста да қолданыла береді (омыраудағы нәрестеден бастап қарттарға шейін). Алайда адамдардың барлығы мұндай препараттардың күші барынша толық әсер етуі үшін оларды қалай қабылдау керектігін біле бермейді. Фармокологиялық нарықтағы көптеген сорбенттердің арасында Лактофильтрумның орны ерекше, дұрыс қабылдаған жағдайда олардың адам ағзасына беретін әсері мынадай:

•             Ағзадан улы заттар мен бактериялық агенттерді шығару;

•             Ішек жолдарында пайдалы бифидобактериялардың өсуін арттырады және дисбактериоз белгілерін жояды;

•             Алкоголь, ауыр металлдар, дәрілерден улануды емдеу;

•             Тағамдық және басқа да аллергия түрлерін (есекжем, оғаш дерматит) емдеу;

•             Алмасу процесі өнімдерінің қалыпты тепе-теңдігін қалпына келтіру (әсіресе, бауыр ауырған кезде, оның уытсыздандырғыш - залалсыздандырғыш функциясы зиян шеккенде).

Препарат улану синдромының сырттай белгілерімен күресуге көмектеседі. Ас қорыту жолдарының төменгі бөлігін сауықтыру — сорбенттің басты әсерлерінің бірі. Лактофильтрумды қабылдау жас әрі әдемі көрінуге көмектеседі, себебі сау ішек — әдемі тері кепілі екені баяғыдан белгілі.

Дәрілік затты қабылдау ережелері

Препарат таблетка түрінде шығарылады. Таблетканы тамақ ішер алдында бір сағат бұрын қабылдау керек. Сорбентті қабылдау мен басқа дәрілік заттарды қабылдау аралығы бір сағаттан кем болмау керек, әйтпесе олар улармен бірге ағзадан шығып кетеді. Лактофильтрумды стақан толы сумен ішу керек (200-300 мл).

Таблеткаларды таңғы ас, түскі ас және кешкі ас алдында күніне үш уақ қабылдау керек. Препараттың балалар мен ересектерге ұсынылған бір рет қабылдау мөлшері:

•             12 жастан асқан балалар мен ересек адамдар 2-3 таблетка;

•             8 жас пен 12 жас аралығындағы балалар 1-2 таблетка;

•             3 жас пен 7 жас аралығындағы балалар 1 таблетка;

•             Омырау еметін нәрестелерге жарты таблетка беріледі.

Препаратты орташа есеппен 2-3 апта қабылдау керек, алайда курс ағзаның ахуалына байланысты ұзаруы мүмкін. Сонымен бірге тағайындалған болса, курсты қайталау керек. Бұл сорбент аллергияны, ішек ауруларын, соның ішінде психосоматикалық сипаттағы (ішектің тітіркену синдромы) ауруларды кешенді емдеу тәсілдерінің қатарына кіреді. Дегенмен, дәрілерді бөлек қабылдау ережесін естен шығаруға болмайды, себебі бірге бір уақытта қабылданған кез келген препараттың әсері біршама төмендеп кетеді.

Маңызды: Қолданар алдына нұсқаулықты оқып шығыңыз немесе емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ

ТЕРІ САУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ

КЕЙІН ҚАРАЙ