Күзгі-қысқы кезеңдегі иммунитетті арттыру

94

Иммунитет ағзаның ең басты қорғаныш жүйелерінің бірі болып табылады. Ол біздің денсаулығымызды қорғап, оған жағымсыз факторлардың әсер етуімен күреседі. Иммунитеттің қорғаныш күшінің төмендеуіне көптеген себептер бар және олар күшті мезгілдік тәуелділікке ие, көбінесе асқыну күзгі-қысқы кезеңде орын алады. Жылдың осы мезгілінде иммунитеттің төмендеуінің ең басты себептері:

  • күн жарығының жеткіліксіздігі;
  • орны толтырылмас нәрлендіруші компоненттердің, соның ішінде дәрумендердің дефициті;
  • ауа температурасының күрт ауысулары мен елеулі төмендеуі;
  • қатты желдің, жаңбырдың астында қалу;
  • эндорфиндердің (бақыт гормондарының) нашар бөлінуі есебінен ағзаның жалпы ауырлауы

Күз бен қыста вирустік және инфекциялық ауруларға шалдыққан, сондай-ақ, созылмалы аурулары асқынған адамдардың саны көбейеді. Бұл кезеңде иммунитетті арттыру және тиісті деңгейде сақтау қажет, әйтпегенде Сіз қатты ауырып қалу қаупін төндіресіз.

Мықты иммунитеттің қағидаттары

Адам күзгі-қысқы кезеңнің жағымсыз факторларына ағзаның қарсы тұру қабілетін арттыру үшін жеткілікті уақыт бөлуі қажет. Иммунитетті күшейту үшін төмендегі іс-шаралар маңызды болып табылады:

  • тамақтанудың дұрыс және салауатты рационы (дәрумендік қоспаларды қосымша тұтынуға болады);
  • дененің шынығуын сақтау үшін спортпен айналысу;
  • адекватты шынықтыру;
  • таза ауада серуендеу;
  • профилактикалық егулер жасау;
  • жақсы ұйқы және күн тәртібін сақтау;
  • күйзелістер мен жұмыста артық жүктемелердің болмауы.

Адамның иммунитеті көптеген факторларға тәуелді, және ас қорыту жүйесінің дұрыс қызмет етуі – маңыздылардың бірі.

Ағзаны зиянды заттардан қорғау және олармен күресу – ішек-қарын жолының негізгі функциясы, ол істен шықпай жұмыс істеуі тиіс. ІҚЖ-ның дұрыс жұмыс істеуіне арнайы препараттар – энтеросорбенттер* көмектеседі.

*Энтеросорбенттер деп асқазан мен ішекке түскенде түрлі микроағзалардың өмір сүру нәтижесінде бөлінетін өнімдер болып табылатын уларды, патогенді микрофлораны, сапасыз тамақ, дәрі, сұйықтықтарды тұтыну себебінен ағзада жиналатын өзге уыттарды байланыстырып, оларды шығаратын заттарды атайды.

Энтеросорбенттер не істейді?

Энтеросорбенттердің әсер ету қағидаты – уыттар мен зиянды заттарды шоғырландырып, оларды ағзадан ас қорыту жүйесі арқылы шығару болып табылады. Осындай дәрілік заттар-энтеросорбенттердің бірі Лактофильтрум болып табылады. Оның артықшылығы құрамында әсер етуі бағытталған әсер етуші заттардың болуы: лигнин - табиғи энтеросорбент, уыттар мен зиянды заттарды шығарады, лактулоза - ішекке пайдалы бактерияларды толтырып, иммунитетті жақсартады.

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ

Осындай мақсатты әсер ету жылдың кез келген мезгілінде күш пен қуатқа толы болу үшін, иммунитетті зиянды факторлармен күресу жолында қолдауға мүмкіндік береді.

ТЕРІНІҢ САУЛЫҒЫ ТЕСТІН ӨТУ

КЕЙІН ҚАРАЙ