Безеуге қарсы Лактофильтрум®

71

Терінің ақаулары әр адамға таныс. Әсіресе, беттегі түрлі бөртпелердің, мысалы, безеудің пайда болуы жағымсыз болып табылады. Әдетте, олардың пайда болуының себебі – ағзаның шалыс қызмет етуі. Безеудің пайда болуының ең жиі себептері төмендегілер:

  • Терінің қорғаныс бөгеуінің бұзылуы (пайдалы немесе шартты-патогенді бактериялар дұрыс емес қызмет етіп, терінің қабаттарына қолайсыз ағзаларды өткізе бастайды немесе өздері бөртуді туғызады);
  • Ағзада уыттардың жиналуы, ол дұрыс емес тамақтану немесе алкогольді шектен тыс тұтыну салдарынан орын алады;
  • Ішек микрофлорасының патологиясы (дисбактериоз және оған ұқсас аурулар);
  • Гормоналдық бұзылу;
  • Бауырдың қан тазалау қызметінің бұзылуы.

Безеуге қарсы не көмектеседі?

Қазіргі заманғы медицинада безеу мен акненің өзге де түрлерін (ақ безеу, қара безеу және т.б.) емдеуде энтеросорбенттерді қолдану белсенді енгізілуде. Осындай терапияның тиімді препараттарының бірі болып Лактофильтрум® саналады.

Бұл препарат өзінің әсер етуі бойынша бірегей болып табылады, өйткені ол екі кезеңмен жұмыс істейді.

  1.  «Лигнин» әсер етуші заты зиянды және уытты заттарды байланыстырып, ағзадан шығарады. Маңыздысы, «Лигнин» табиғи өсімдік тектес заттарға жатады және қанға сіңбейді.
  2. Лактулоза пребиотигі арқылы пайдалы бактериялардың балансы құрылып, табиғи қышқылдар ішектің қалыпты жұмысын орнына келтіріп, оның қорғаныш қызметін қайтарады.

Тиімді нәтижеге жету үшін препаратты 2-3 апта бойы курстап қабылдау ұсынылады, бұл безеумен тиімді күресумен бірге ішек микрофлорасының балансын қалпына келтіруге көмектеседі.

Өзіңіздің ішегіңізді күтіңіз, өйткені ішектің саулығы – терінің сұлулығы!

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ

КЕЙІН ҚАРАЙ